Қателік
  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/vhosts/aqmeshit.kz/httpdocs/images/13-10-2015_08-45-04
Назар аударыңыз
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/13-10-2015_08-45-04

Сейсенбі, 13 Қазан 2015   |   447 рет оқылды

ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы қаламыздағы жалпы үлгідегі қарттар мен мүгедектер үйінде болып, ондағы қарт-қарияларымыздың жай-күйімен танысты.{gallery}13-10-2015_08-45-04{/gallery}

Одан бөлек бас имам қария аталарымыз бен әжелерімізге жылы лебізін арнап, сый-сияпатын табыс етті.

Қазыналы қарттарымызды құрметтеу – баршамыздың ортақ азаматтық парызымыз.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадисінде: «Жастарымызға қамқорлық етпеген және үлкендерімізді құрметтемеген бізден емес» -деген. Жасы үлкенге кішілігіне қарамай құрмет қылу мұсылмандық міндет екенін қарттарымызға жеткізе келе өкіл имам оларға зор денсаулық, ұзақ өмір тіледі.

Өз кезегінде аталмыш көңіл мен ниетке риза болған қарт аналарымыз бен аталарымыз ризашылықтарын білдіріп, көңілдері марқайғаны жадыраңқы жүздерінен сезіліп тұрды.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы