Қателік
  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/vhosts/aqmeshit.kz/httpdocs/images/02-11-2015_14-49-23
Назар аударыңыз
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/02-11-2015_14-49-23

Сейсенбі, 03 Қараша 2015   |   1862 рет оқылды

ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛ АРДАҚТЫ

          ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты ел ағалары мен аналарына арналған жиын өткізді.{gallery}02-11-2015_14-49-23{/gallery}

Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген  қарттардың орны ерекше, олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады.

Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу болып табылады. Шараның басты мақсаты да осы болып табылды.

          Салтанатты шарада «Үлкенге құрмет, ата-анаға құрмет», «Дін. Қоғам. Жастар» тақырыбында уағыз-насихаттар айтылса, одан бөлек жергілікті өнерпаздардың сахналауымен арнайы қойылым көрсетіліп, «Әжелер» ансамблі өнер көрсетті.

          Облыстың шығармашыл жастары дәстүрлі ән-жырдан шашу шашып, мың бұралған бишілер қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы