Қателік
  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/vhosts/aqmeshit.kz/httpdocs/images/15-01-2016_07-22-41
Назар аударыңыз
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/15-01-2016_07-22-41

Дүйсенбі, 18 Қаңтар 2016   |   267 рет оқылды

АУДАНДАРДАҒЫ МӘУЛІТ МЕРЕКЕСІ

Мәуліт айы – екі дүниенің сардары Пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с – ның дүниеге келген айы. Мәуліт айын мерекелеу арқылы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өнегелерін болашақ ұрпаққа насихаттап, Ислам дінінің қадір-қасиетін түсіндіруде маңызы зор.

Сыр өңіріндегі аудандық, қалалық мешіттерде Мәуліт мерекесі жоғары деңгейде аталып өтіліп, жұртшылықтың ризашылығына бөленуде.

Атап айтар болсақ, облысқа қарасты Сырдария, Қармақшы аудандары мен Талсуат ауылында аталмыш мереке аталып өтті.{gallery}15-01-2016_07-22-41{/gallery}

Мерекелік шара аясында қасиетті Құран аяттары оқылып, жастарға арналған уағыздар айтылып, әншілердің орындауында діни әндер шырқалып, діни қойылымдар көрсетілді.

Ұйымдастырылған мерекелік шараның барлығына ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы қатысып, қатысушыларға тәлімді уағыздар айтып, Мәуліт мерекесімен құттықтады.

Сонымен қатар, өкіл имам Т.Омаров дін саласында жемісті еңбек еткен имамдарды арнайы алғыс хатпен марапаттады.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы