Қателік
  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/vhosts/aqmeshit.kz/httpdocs/images/19-01-2016_08-00-43
Назар аударыңыз
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/19-01-2016_08-00-43

Сейсенбі, 19 Қаңтар 2016   |   244 рет оқылды

«АЙТБАЙ» МЕШІТІНДЕ МӘУЛІТ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

Сыр өңіріндегі қалалық, аудандық деңгейдегі мешіттер Мәуліт мерекесін жоғары деңгейде атап өтумен қатар, Пайғамбарымыздың с.ғ.с.-ның өмір жолын тұрғындарға, жамағатқа насихаттауда барынша атсалысып келеді.{gallery}19-01-2016_08-00-43{/gallery}

Қалалық «Айтбай» мешітінде өткен Мәуліт мерекесі биыл да өз деңгейінде ұйымдастырылды. Шараға ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы қатысып, жиналған барша жамағатқа әсерлі уағызын жеткізді. Келесі кезекте қатысушылар Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) соңғы құтбасы тақырыбындағы бейнебаянды тамашалады.

Шара барысында  арнайы Мәуліт оқылып, құран бағышталды.

Одан бөлек мешіт шәкірттері қатысушыларға әсерлі қойылымын қойып, викториналық сұрақтар сергіту сәтіне белсене қатысып сый-сияпатқа ие болды.

Жиналғандар арнайы жайылған дастарханға қатысып, мәнді сұхбаттар жүріп, ризашылықпен тарасты.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт – Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы