Қателік
  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/vhosts/aqmeshit.kz/httpdocs/images/20-01-2016_06-22-37
Назар аударыңыз
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/20-01-2016_06-22-37

Сәрсенбі, 20 Қаңтар 2016   |   314 рет оқылды

ҚАЛА ЖӘНЕ АУДАН ИМАМДАРЫ АЛДАҒЫ ЖҰМЫСТАРДЫ ЖОСПАРЛАДЫ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде қала және аудан имамдарының жиналысы өтті. Жиналысты ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы жүргізді.{gallery}20-01-2016_06-22-37{/gallery}

Жиналыстың күн тәртібінде бірнеше мәселелер қаралды. Атап айтар болсақ, уағыз-насихат жұмыстарын күшейту, жат ағымдардың жетегінде жүргендермен жұмыс жасау, қайырымдылық шараларын ұйымдастыру, бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу мәселелері сөз болды.

Сонымен қатар, 24 қаңтар күні өткізілетін облыстық Мәуліт мерекесіне дайындық шаралары пысықталды.

Бас имам Т.Омаров 2016 жылы ҚМДБ-ның тарапынан болған тапсырмалар мен алдағы жоспарлардың сапалы әрі уақытылы орындалуын қадағалау туралы да сөз етті.

          Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы