Қателік
  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/vhosts/aqmeshit.kz/httpdocs/images/25-01-2016_12-42-20
Назар аударыңыз
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/25-01-2016_12-42-20

Дүйсенбі, 25 Қаңтар 2016   |   320 рет оқылды

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ МӘУЛІТТІ АТАП ӨТТІ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті «Сағындым сені, я,  Расулалла» атты облыстық Мәуліт кешін өткізді.

Облыстық Н.Бекежанов атындағы драма театрда өткен Мәуліт мерекесі биыл жаңашылдыққа толы, әсерлі өтті деуге негіз бар.

Ардақты пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дүниеге келуіне арналған рухани шарада ине шаншар орын болмады.

Шара халықты қараңғылық дәуірінен бақыт ғасырына жетелейтін Алла елшісінің дүниеге келу тарихы туралы бейне баянмен ашылды. Жиналған қауым сол бейнебаянда баяндалған әсерлі тарихты ести отырып, Мәуліттің маңыздылығын ұққандай болды.{gallery}25-01-2016_12-42-20{/gallery}

Келесі кезекте Қасиетті Құранға орын беріліп, құран бағышталды.

Алғаш құттықтау сөз алған ҚМДБ-ның дін істері бөлімінің меңгерушісі Тұрдыбаев Камалжан Бекбосынұлы  Сыр халқын Мәуліт мерекесімен құттықтап, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының ыстық сәлемін жеткізді. Құттықтау сөзбен қатар, әсерлі уағызын жеткізіп, мәуліт оқудың сауабы хақында насихатын айтты.

Одан кейін шара рухани, діни әндерге, монологтарға, қойылымдарға ұласты.

Мерекенің көркін ашқан Мәуліт биыл қазақ тілінде оқылып, жиналған қатысушылар риза болды.

Өз кезегінде ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы да халықты Мәулітпен құттықтап, 2015 жылғы атқарылған шараларға да тоқталды.

 Қызылорда халқына орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің 2015 жылғы атқарған жұмыстары туралы арнайы есебі көрсетілді.

Сонымен қатар, «Әсем киім  - әйел көркі» атты қыз-келіншектердің ұлттық нақыштағы киім үлгілерінен көріністер көрсетілді.

Шарада ҚМДБ-ның дін істері бөлімінің меңгерушісі Камалжан Бекбосынұлы облысымыздағы бірқатар аудан, қала имамдарына ҚМДБ-ның төрағасы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының арнайы алғыс хатын табыс етсе, бас имам  Талғат Сейіткәрімұлы облыстың бірнеше имамына  өз атынан имамдық қызметін жауапкершілікпен атқарған үшін алғысын білдірді.

Шара барысында Мәуліттің құрметіне ұйымдастырылған «Сағындым сені, я Расул алла» атты шығармалар байқауының қорытындысы жарияланып, жеңімпаздар арнайы дипломдармен, ақшалай сыйақылармен марапатталды.

Одан бөлек орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітіне күрделі жөндеу жүргізілуіне атсалысып, үлесін қосқан бірқатар кәсіпкерлер мен Мәуліт мерекесінің өтуіне демеушілік жасаған азаматтар да марапатталды.

Жалпы, шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушы тұрғындар ризашылықтарын білдіріп тарқасты.

Қызылорда облыстық  «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы