Қателік
  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/vhosts/aqmeshit.kz/httpdocs/images/01-02-2016_11-06-55
Назар аударыңыз
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/01-02-2016_11-06-55

Сейсенбі, 02 Ақпан 2016   |   265 рет оқылды

ИМАМДАР АТТЕСТАЦИЯ ТАПСЫРДЫ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде облыс бойынша барлық имамдарды аттестациялау өтті.

 Аттестациялауға облысқа қарасты қала, аудан, ауылдық округ мешіттерінде қызмет ететін барлығы 150-ге жуық имамдар қатысты.{gallery}01-02-2016_11-06-55{/gallery}

 Аталмыш аттестацияны ҚМДБ –ның жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы және облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандары бағалады.

 Имамдар негізінен ҚМДБ тарапынан қабылданған 4 құжаттан, яғни «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «Имамның тұлғалық келбеті», «Мұсылманның тұлғалық бейнесі»  және «Дін мен дәстүр» бағыттары бойынша сынақтан өтті.

 Аттестация нәтижесінде облыс имамдары өздерінің дайындықпен келгендіктерін дәлелдеп, жоғары баға көрсетті.

 Әрбір имам жоғарыда аталған бағыттар бойынша барынша сауаттылығын танытып, имамның тұлғалық келбетіне сай қызметтерін атқарып жүргендіктерін, білімдерін шыңдауды тоқтатпағандықтарын және бір дәлелдеді.

 Өткізілген сынақ жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттандырылды. 

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы