Қателік
  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/vhosts/aqmeshit.kz/httpdocs/images/03-02-2016_06-21-41
Назар аударыңыз
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/03-02-2016_06-21-41

Сәрсенбі, 03 Ақпан 2016   |   393 рет оқылды

Жастар арасындағы футболдан сайыс

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің жалпы және жастар ісі бөлімінің ұйымдастыруымен қаламыздағы мешіт жастары, мешіт жамағаттары арасында футболдан жарыс өткізілді.

Жарысқа орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұжымынан құралған команда, мешіт жастарының командасы, қалалық мешіттерден келген командалар белсене қатысты.

Сонымен қатар, аталмыш футболдан өткен жарысқа ҚМДБ-ның Жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Алтынбек  Ұтысхан да команда құрамында болып, ойнады.{gallery}03-02-2016_06-21-41{/gallery}

Жарыс қаламыздағы «Сейхун» спорт кешенінде өтті. Барлығы 6 команда қатысқан тартысты жарыста ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің командасы І орынды иеленді. ІІ орынды Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің командасы алса, ІІІ орын қалалық «Мүсірәлі ата» мешітінің жас жамағаттардан құралған командасына бұйырды.

Ойын басында командалық жетекшілік жасаған ҚМДБ-ның Жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Алтынбек  Ұтысхан мен бас имам Омаров Талғат Сейіткәрімұлының қатысуымен болған жарыс қатысушылардың көңілінен шықты.

Жеңімпаз командалар арнайы кубок пен дипломдарға ие болды.

Алдағы уақытта бұл бағыттағы шаралар өз жалғасын табатын болады.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

 мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы