Қателік
  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/vhosts/aqmeshit.kz/httpdocs/images/05-02-2016_13-14-36
Назар аударыңыз
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/05-02-2016_13-14-36

Жұма, 05 Ақпан 2016   |   291 рет оқылды

БАС МҮФТИ ЕРЖАН ҚАЖЫ МАЛҒАЖЫҰЛЫ СЫР ЕЛІНДЕ

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Сыр елінде іс-сапармен болды.

Алаштың анасы атанған Сыр еліне қадам басқан Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлын ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы  бастаған топ қарсы алды.{gallery}05-02-2016_13-14-36{/gallery}

Қызылорда өңіріндегі сапарында  Бас мүфти аймақ басшысы Қырымбек Елеуұлымен кездесті.

Кездесуде аймағымыздағы діни ахуал, мешіт имамдарының келелі бастамалары мен атқарған қыруар шаралары, алдағы жоспарлар да сөз болды.

Аймақ басшысы сонымен қатар, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлына еліміздегі діни тұрақтылық, ұлтаралық татулықты сақтаудағы ерен еңбегіне алғыс білдіре отырып, Сыр аймағындағы ахуалдың тұрақтылығы жолындағы ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Т.Омаровтың іскерлігіне де ризашылығын жеткізді.

Бас мүфти одан әрі іс-сапарын Нағи Ілиясов ауылында жалғастырды. Бұл бағытта толық ақпарат алдағы уақытта жарияланатын болады.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

 мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы