Қателік
  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/vhosts/aqmeshit.kz/httpdocs/images/05-02-2016_16-36-07
Назар аударыңыз
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/05-02-2016_16-36-07

Жұма, 05 Ақпан 2016   |   267 рет оқылды

Бас мүфтидің Сыр еліне сапары

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Сыр еліндегі іс-сапарында қалаға қарасты Нағи Ілиясов ауылында да болды. Кеңес Одағының батыры Нағи Ілиясов атындағы ауыл Сыр өңіріндегі дамыған, заманауи  ауылдардың бірі болып саналады.

Ауылда Қазақстанның Еңбек Ері, ел азаматы Абзал Ералиевтің демеушілігімен мемлекеттік әріптестік негізінде бірнеше нысандар ашылып, ауыл көркейе түскені жұртшылыққа белгілі.

Ауылдағы жаңашылдық пен даму қарқынын көрген Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы  игілікті істердің көшбастаушысы болған ел азаматына ризашылығын білдірді. Ауылдағы жаңа мешіттің тынысымен танысып, намаз оқыды.

Өз кезегінде Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы аймақтағы егін шаруашылығын дамытудағы кәсібіне, ұлттық брендті ұлықтап жүрген бастамаларына, көпшілікке үлгі болған көшелі ісіне береке тіледі.{gallery}05-02-2016_16-36-07{/gallery}

Елге есімі танымал имамдар мен дін қызмерлерінен құралған қонақтар тобы күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілген «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде болды.  

Іс – сапары қасиетті жұма күнімен тұспа-тұс келген Бас мүфти орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде жұма намазына қатысты.

Бас мүфти жұмаға келген жамағатқа «Пайғамбарымыз с.ғ.с-ға деген сүйіспеншілік» тақырыбында уағызын айтып, насихатын жеткізді.

Жұма намазын «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай қажы Ораз өткізді.

Жұма намазынан кейін қонақтар қаламыздағы жаңадан ашылған «Мүсірәлі ата» мешітінде болып, жаңа мешіттің тынысымен танысып, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне сұқбат берді.

Өз сұқбатында Ержан қажы Малғажыұлы Қызылорда өңіріндегі ислам дінінің өркен жаюы бағытындағы игілікті шараларға ризашылығын білдіріп, аймақ халқының дінге бетбұрудағы қарқынына, мешіттердің көптеп ашылуына атсалысып жатқан азаматтарға алғысын айтты.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі 

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы