Сенбі, 06 Ақпан 2016   |   318 рет оқылды

БАС МҮФТИДІҢ ИМАМДАРМЕН КЕЗДЕСУІ

Өзінің Сыр еліне жасаған іс-сапарында ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы облыс, қала және аудан имамдарымен арнайы кездесу өткізді.

Кездесу орталық  «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде өтті. Аталмыш кездесу облыс имамдарының қызметіне, олардың алға қойған мақсаттары мен болашақтағы жоспарларына ерекше серпін десек артық айтқандық емес.

Әрине, бүгінгі таңда еліміздегі имамдардың, дін қызметкерлерінің Ислам дінінің өркен жаюына, елдегі тұрақтылықтың орнауына қосып отырған үлесі орасан зор.

Осы бағытта атқарылған жұмыстар мен алға қойған мақсаттарды тағы бір атап өткен Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы имамдарға артылар жүктің, жауапкершіліктің маңыздылығын түсіндіріп өтті.

Сонымен қатар, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлының сіңірген еңбегі мен жергілікті билік тарапынан алғысқа бөленіп отырғандығын ерекше атап өтті.

Аймақтағы діни ахуалдың тұрақтылығы жолында,ҚМДБ тарапынан болған тапсырмалардың сапалы орындалуына өкіл имам Талғат Сейіткәрімұлының басшылығымен атқарылған шаралар өз нәтижесін беруде.

Кездесуде сөз алған «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай қажы Ораз мырза имамдардың қызметіне береке тілеп, Сыр елінің ауызбіршілігі мен татулығына ризашылығын жеткізді.

Өз кезегінде өңір имамдары қонақтарға алғысын айтып, естелік суретке түсті.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы