Қателік
  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/vhosts/aqmeshit.kz/httpdocs/images/18-02-2016_15-21-12
Назар аударыңыз
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/18-02-2016_15-21-12

Бейсенбі, 18 Ақпан 2016   |   560 рет оқылды

СОҚЫРЛАР ҚОҒАМЫНА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАЛДЫ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бастамасымен қаламыздағы бірқатар көмекті қажет ететін нысандарға, тұрмысы төмен отбасыларына қайырымдылық шараларын ұйымдастыру қолға алынғандығын осыған дейін де жазған болатынбыз.

Осындай кезекті қайырымдылық шарасының бірі – қаламыздағы Соқырлар қоғамы ұйымында өтті. Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы бастаған имамдардан құралған топ аталмыш мекеменің мүшелеріне, зағип жандарға қайырымдылық жасап, азық-түліктер, тұрмыстық қажеттіліктер жеткізіп берді.{gallery}18-02-2016_15-21-12{/gallery}

Мешіт қызметкерлері бұл мекемені әрбір қайырымдылық шараларынан тыс қалдырмай келетіндігін тілге тиек еткен ұжым алғысын білдіріп, ризашылықтарын жеткізді.

Көмек көрсетуге қаламыздағы «Қалмұхаммед ишан», «Төлен ата» және «Ыбрайым молда» мешіттері де атсалысты.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы