Қателік
  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/vhosts/aqmeshit.kz/httpdocs/images/23-02-2016_07-58-18
Назар аударыңыз
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/23-02-2016_07-58-18

Сейсенбі, 23 Ақпан 2016   |   597 рет оқылды

МҮГЕДЕКТЕРГЕ МЕЙІРІМ ТАНЫТАЙЫҚ

Осындай атаумен ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бастамасымен қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Қайырымдылық рухани шара қаламыздағы С.Майқанова атындағы мәдениет үйінде өтті.

Шараға қала бойынша мүмкіндігі шектеулі жастар мен тұрғындар, мүгедек жандар қатысып, демалып, сергіп қайтты.{gallery}23-02-2016_07-58-18{/gallery}

Аталмыш шараның бағдарламасы бойынша өнерпаз жастар діни монологтар оқып, қойылымдар қойса, имамдар тарапынан уағыз-насихат айтылды. Қызылорда облыстық филармониясының өнепаздары діни әндер, жыр-терме шырқап, жиналған қауымға рухани көңіл-күй сыйлады.

Өткізілген шараның маңыздылығы мен қайырымдылық жасаудың мәні, сабырлық жөнінде бас имам Омаров Талғат Сейіткәрімұлы тарқата айтып, жиналғандарға дем берер әсерлі насихатын жеткізді.

Сонымен қатар, әжелер ансамблі де қазақы әннен шашу шашты.

Қатысушылар ұйымдастырушы орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұжымына алғыстарын білдірді.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінң баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы