Сенбі, 05 Наурыз 2016   |   579 рет оқылды

БАС ИМАМ ШӘКІРТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгінгі күні қоғамда кәсіби біліктілігі жоғары, білімді имамдарды дайындау, олардың өңірлерде еңбек етуі маңызды мәселелердің бірі. Бұл бағыттағы шаралар мен кездесулер өкілдер тарапынан жыл сайын өткізіліп келеді.

Осы орайда, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы «Нұр Мүбарак»  Египет ислам мәдениеті университетінің шәкірттерімен кездесу өткізді.

Өз кездесуінде бас имам Т.Омаров дінге қызмет етудің өзектілігі, қоғам үшін пайдасы мен имамдық қызметтің жауапкершілігін баса айтты. Сонымен қатар, Сыр өңіріне Ислам діні жолына еңбек етуге шақырды.

Бас имам Т.Омаров мұндай кездесулерде болуды, сұқбаттар өткізуді жыл сайын күн тәртібінен түсірген емес.

Биыл да осы үрдіс жалғасын тауып отыр. 

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы