Жұма, 11 Наурыз 2016   |   380 рет оқылды

МЕДРЕСЕ ШӘКІРТТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

Бүгінгі таңда елімізде жастардың дінге бет бұрып, Ислам дініне қызмет етуге ниеттілер саны артып отырғаны қуантады. Діни ілім алып, тура жолды насихаттауға, Ислам дінінің өркен жаюына еңбек етудің сауабы да мол екені белгілі.

Бұл бағытта аймақтардағы өкілдер діни білім беретін оқу орындарындағы шәкірттермен кездесулер өткізіп, қызметке шақыру бағытында насихаттарды да тұрақты жүргізіп келеді.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы Алматы қаласындағы медресе шәкірттерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында білім алу, еңбек ету, Ислам дінінің дамуына үлес қосу бағытында насихат, кеңестерін айтып, жас мамандарды Сыр еліне еңбек етуге шақырды.

Кездесу соңында шәкірттер сұрақтарына жауап алып, естелік суретке түсті.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы