Ислам дінін қабылдаған мұсылмандарға ең алдымен мына төмендегі бес шартты орындау басты міндет болып саналады:

 

1- Исламның шарттарының біріншісі «Кəлима-и шаһадат» айту. Кəлима-и шаһадат айту дегеніміз, «Əшһəду əллə илаһə иллаллаһ уə əшһəду əннə Мұхаммəдəн абдуһу уə расулуһу». Яғни ақыл есі дұрыс, балиғат жасына толған, сөйлей алатын əрбір адамның: 

«Аспан мен жерде Аллаһтан басқа ғибадат етуге лайықтыешкім жоқ. Ғибадат етуге лайықты тек Ол ғана«Ол мəңгі бар. Ол барша əлемнің билеушісі. Оның ешқандай кемшілігі жоқ. Оның есімі Аллаһ» деп осы айтқанына бар ықыласымен сенуі. Сондай-ақ, Оның құрметті елшісі əдемі, нұрлы, сүйкімді жүзді, көркем мінезді, қара қасты, қар көзді, мүбəрəк маңдайы ашық, көлеңкесі жерге түспейтін, жұмсақ сөзді, араб жарты аралында туылғаны үшін араб ұлтының өкілі болып саналған Хашими ұрпағынан «Абдуллаһтың ұлы Мұхаммед алейһиссалам, Аллаһтың құлы əрі елшісі, яғни Пайғамбары».Уаһбтың қызы Аминаның ұлы. 

 

2- Исламның екінші шарты - күніне бес мзгіл, уақыты кіргенде, шарттарына сай намаз оқу. Əрбір мұсылманның, күнде уақыты кіргенде бес уақыт намаз оқуы жəне əрбірін уақытылы оқығанын білуі парыз. Намаздың фарз, уəжіп, сүннеттеріне мəн бере отырып, бар ықылас ниетін Аллаһу та’алаға беріп, уақытын өткізбей оқу ке-рек. Құран Кəрімде намазды «салат» деп айтқан. «Салат» сөздікте адамның дұға етуі, періштелердің истиғфар (кешірім) оқуы, Аллаһу та’аланың мейірім етуі деген мағыналарға келеді. Исламда «салат» дегеніміз ғылымхал кітаптарында білдіргеніндей белгілі əрекеттерді орындау жəне белгілі нəрселерді оқуды білдіреді. Намаз ифтитах тəкбірімен басталады. Яғни, ер кісілердің қолдарын құлақтарына дейін көтеріп, кіндік тұсына түсіріп жатқан кезде «Аллаһу акбар» деуімен басталады. Соңғы отырыста, басын алдымен оң жаққа бұрып, сосын сол жаққа бұрып сəлем беру арқылы намазды бітіреді. 

 

3- Исламның бес шартының үшіншісі, Мал-мүлкінің зекетін беру. «Зекеттің» сөздіктегі мағынасы тазалық, мадақ жəне жақсы, əдемілік дегенге келеді. Исламда зекет дегеніміз қажеттілігінен артып, ни-сап делінген белгілі мөлшердегі дүние мүлкі бар адамның,дүниемүлкінің белгілі бір бөлігін Құран кəрімде айтылған мұсылмандарға міндетсінбей беру дегенді білдіреді. Зекет жеті түрлі адамға беріледі. Төрт мазһабта да төрт түрлі зекет малы бар: Алтын мен күмістің зекеті, саудадағы сатылатын заттың зекеті, қорадағы малдың зекеті жəне егістіктің зекеті. Зекеттің төртінші түріне Ушр делінеді. Егістік жинала салысымен ушр беріледі. Ал жоғарыдағы аталған үш зекет малы нисап мөлшеріне жетіп, содан бір жыл өткен соң беріледі.

 

4- Исламның бес шартының төртіншісі - Рамазан айында ораза ұстау. Ораза ұстауға саум деп айтылады. «Саум» сөздікте бір нəрсені өзгелерден қорғау, сақтау дегенді білдіреді. Ал дінімізде Аллаһ əмір еткені үшін рамазан айы бойынша күндіздері үш нəрседен тыйы-лу деген мағынаны береді. Бұл үш нəрсе: Ішу, жеу жəне жыныстық қатынас. Рамазан айы, аспанда жаңа ай (һилал) көрінгенде бастала-ды. Күнтізбедегі есеп бойынша басталмайды.

 

5- Исламның бес шартының бесіншісі, шамасы жеткенде өмірінде бір рет қажыға бару. Жолы қауіпсіз жəне дені сау болып, Меккеге барып келгенше үйінде қалған бала-шағасына жететіндей мал-мүліктен артылған ақшамен барып келе алатын адамның, өмірінде бір рет Қағбаны зиярат етуі жəне Арафат тауында тұруы парыз болады.

 

Жоғарыда аталған Исламның бес шартының ең үстемі Кəлима-и шаһадат айту жəне оның мағынасын түсіну. Одан кейінгісі намаз оқу, ораза ұстау, қажыға бару, ең соңғысы зекет беру. Кəлима-и шаһадаттың үстем болғаны ғалымдардың ауызбірлігімен білдірілген. Қалған төртеуінің дəрежесінің реті жоғарыда айтқанымыздай. Кəлима-и шаһадат айту мұсылмандықтың ең басты белгісі. Бес уақыт намаз пайғамбарлықтың 12-ші жылында, яғни хижрадан бір жыл жəне бірнеше ай бұрын Миғраж түнінде парыз болды. Рамазан оразасы, хижраның екінші жылы Шабан айында парыз болды. Зе-кет беру ораза парыз болған жылы Рамазан айында парыз болды. Ал қажылық болса, хижраның тоғызыншы жылында парыз болды.



Пікірлер  

 
0 # Қайырбек Бакиев 2017-06-26 09:01
Ассаламу алейкум СубханАллаһ ƏлхамдулиЛлаһ керемет, Аллаһ разы болсын, істеріңізге сəттілік тілеймін.
Жауап жазу
 

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы