Ислам – Ұлы Жаратушы тарапынан жіберілген соңғы иләһи дін. Ислам өзінен алдыңғы иләһи шариғаттардың бәрін  толықтырушы әрі кәміл дін болғандықтан, Аллаһ исламнан өзге дінді қабыл етпейді: «Күмәнсіз Аллаһтың құзырындағы дін – Ислам» (3.Али Имран-19).

Діндер тарихын зерттеушілер, дінтанушылар мен дін әлеуметтанушылары әлемдегі діндердің шығу тарихы мен ерекшеліктеріне қарай бірнеше топтарға бөледі.

1. Тайпалық діндер (алғашқы тайпаларда кездескен діндер) 

2. Ұлттық діндер (бір ғана ұлт өкілдері ұстанатын діндер:   индуизмді  үндістер,  сихизмді  жапондар  ғана ұстанады).

3. Әлемдік  діндер  (әлемдегі  көптеген  ұлттар  мен ұлыстардың   ұстанатын   діні:   Ислам,   Христиан,   Буддизм).

Дінтанушы ғалымдар тайпалық, ұлттық және әлемдік діндерден бөлек дінге ешқандай қатысы жоқ, яки, дін деп атауға болмайтын кейбір топтарды «Дәстүрлі емес культ- тар» деп атайды. Мұндай культтарға «сатанизм», «криш- найзм» секілді діни топтар жатады.

Ислам    ғұламалары    діндерді    екі    топқа    бөліп қарастырады:

1. Аллаһ тарапынан жіберілген сәмәуи діндер

2. Аллаһ тарапынан жіберілмеген жасанды діндер11

Енді  осы  топтағы  діндерге  қысқаша  шолу  жасап өтейік.

1. Аллаһ тарапынан жіберілген сәмәуи діндер де өз ішінде екі топқа бөлінеді:

а)  Аллаһ   тарпынан   жіберілген   дін   болғанымен бұрмаланған, хақтығын жоғалтқан діндер. Бұған христиан мен яһудилікті мысал ретінде келтіруге болады. Себебі, христиандық  пен  яһудилік  Аллаһ  тарапынан  Хазіреті Иса  мен  Хазіреті  Мұса  пайғамбарға  түсірілген  діндер еді. Бірақ  Хазіреті Иса мен Хазіреті Мұсаның дүниеден өтуінен кейін бұл діндер ақырындап бұрмалануға ұшырап, шынайылығын жоғалтты.

б) Аллаһ тарапынан жіберілген және хақтығы зәредей бұзылмаған дін. Бұл - ислам діні. Ислам дінінің хақтығы ешқандай бұрмаланушылық  пен  өзгеріске  ұшырамаған және қияметке дейін солай жалғаса бермек. 

2. Аллаһ тарапынан жіберілмеген жасанды діндер немесе наным-сенімдер:

 

а) Адамның табиғи күштердің алдындағы әлсіздігінен, шарасыздығынан туған діни наным-сенімдер:

Анимизм - түрлі рухтарға табыну нәтижесінде пайда болған сенім.

Натуризм – табиғаттағы қандай да бір затқа сыйы- нып, содан медет тілеу. Бұл да көбіне табиғат апаттары алдындағы шарасыздықтан туындайды.

Тотемизм - өмір сүрген ортада кейбір аңдар мен жа- нуарларды, өсімдіктерді киелі деп соларға сиыну.

Фетишизм –  қандай  да  бір  затты  қасиетті,  киелі деп сенумен сол затты өзімен бірге алып жүру нанымы. Фетиш сенімінің негізі қандай да бір қасиетті деп тапқан затының өзіне сәттілік, бақ-дәулет әкеледі, жамандықтан сақтайды, жолымды ашады деген сенімдерге құрылған.

Ата-баба әруағына сену – қайтыс болған ата- бабаларының әруағына сыйыну, сол әруақтардың өздерін желеп-жебеп жүретіндігіне сену.

шаманизм – кейбір адамдардың әруақтармен қарым- қатынас жасау мүмкіндіктеріне сену және сол әруақтар арқылы  адамдардың ауруын емдеу секілді жайттармен шұғылдану әдісі. Шамандықтың негізгі белгілері емшілік, жерлеу рәсімдері, болжау, шаруашылық түрлеріне ықпал ету секілді һарекет сенімдермен байланысты.

пұтқа табыну – Аллаһқа құлшылық ету, сиыну үшін араға  себепкер қажет деген сеніммен қолдан жасалған пұттарға табыну.

Отқа табыну – жаратылыстағы ең үлкен күш от деп отқа табыну. Бұл түсінік негізінде, от – барлық тіршілік атаулыны жағып, күл етеді деген сенім жатыр.

 

б) Кейбір тұлғалар жағынан негізі қаланған діндер.

Ислам  діні  бойынша,  Аллаһтан  өзге  ешкім  дін құра  алмайды, құрғанымен Аллаһ құзырында ешқандай маңызы жоқ. Дегенмен тарихқа қарасақ, кейбір діндердің негізін  қалаушы   тұлғалардың  бар  екендігін  көреміз. Мұндай діндерге «жасанды дін» деп баға береді. Өйткені Ұлы Жаратушының әмірімен  келмегендіктен иләһи дін сипатын ала алмайды. Мысалы,  Буддизм дінінің негізін салушы ақсүйек, ханзада Сиддхарта  Гаутама. Ол өзінің философиялық  ой  тұжырымын  айтып   кеткен.  Оның жолын қуушылар оған нұрланған, жарыққа жеткен, дана, құтқарушы деген мағынадағы «Будда» атағын бергендік- тен бұл сенім «Будддизм» деп аталып кеткен. Сол секілді қытай еліндегі Конфуций дінінің негізін қалаған Конфу- ций (Кун-цзы) (б.э.д. 551-479) екенін білеміз.

Әлем  діндерін  зерттеп  қарағанда  бірнеше  діннің негізін   салушы  тұлғаларды  көреміз.  Демек,  әлемдегі діндердің  шығу  тарихы әр түрлі болғандықтан, ислам бойынша, осылай сараптама жасалады.



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы