Жоғарыда да тілге тиек еткеніміздей, ақида діннің негізгі  сенімін  құрайды.  Аллаһ  Тағала  тарапынан  жі- берілген  елшілердің уағыздау жүйесі де – алдымен бір Жаратушыға, сонан соң ақырет күні мен пайғамбарларға деген сенімнен тұрады. Осыдан-ақ, сенімнің қаншалықты маңызды  екенін  пайымдауға  болады.  Құран  Кәрімдегі, әсіресе,  Меккеде  түскен  сүрелерді  зерделеп  қарағанда сенімге байланысты мәселелер басым болғандығы байқалады.  Пайғамбарымыз  (с.а.у.)   Меккеде  13  жыл бойы халықты бір Аллаһқа иман етуге шақырды. Бұл да сенімнің маңыздылығын көрсетеді.

Адамның өмірі мен тұрмыс-жайын, өмірге көзқарасы мен әрекеттерін жүрегіндегі сенімі белгілейді. Сондықтан да шынайы,  кіршікшіз бір сенімге ие болмай Аллаһтың разылығын алатын  амалдарды жасау неғайбыл нәрсеге айналады. Кәпір, мүшрік  және мунафықтардың істеген амалдарының  Аллаһ  құзырында  ешқандай  да  маңызы болмайтындығының басты себебі  де осында жатыр.

Пенденің бұл пәни дүние мен о дүниедегі жағдайы оның ұстанған ақидасына (сенім жүйесіне) байланысты. Ақидасы дұрыс болса, пенде құлшылығының арқасында адал ниетінің жемісін көреді. Ал, ақидасы бұрыс болса, тура жолдан ауытқуына бірден-бір себеп болады. Адам әуелгіде иман етпестен, қанша амал, яки қайырлы іс жасағанымен ақыретте сол амал-істерінің ешқандай пайдасы болмай- ды. Жүрегінде иман болмаған соң амалдың не қажеті бар? Егер жүрегінде иманы болып, сол иман арқылы амал ет- песе, онда ол кісі, кәпір болмайды, тек күнәһар болады. Ақыретте сол күнәлары үшін жазаланып, соңында пейішке барады. Амалдан бұрын ақиданың маңыздылығына мына аятты келтіруге болады:  «(Мұхаммед (с.а.у.)) Сендерге амал  тұрғысынан  зиянға  ұшырағандарды  айтайын ба? – деп айт. Олар дүние өмірінде еңбектері, амалда- ры зая кеткендер. Олар жақсы іс істедік деп ойлайды. Негізінде олар Аллаһтың аяттарына әрі  Раббылары- на жолығуға сенбеген. Сондықтан олардың амалдары зая болады. Оларға қиямет күні еш мән  бермейміз» (18. Кәһф, 103-105).

Иә, Қасиетті Құран Кәрімде: «Иннәл ләзинә әмәну уә   амилус-салихат  (Күмәнсіз  иман  еткен  және  ізгі амал   істегендер)   аятының   жиі   қайталанатыны   бел- гілі. Аят  мағынасы әуелі иман ету және сол иманға сай амал етудің маңыздылығын түсіндіреді. Иман негіздерін құрайтын жүйені  ақида деуіміздің себебі де сондықтан. Асылында,  ақидасы  өзгерген  кісі  ислам  діні  бойынша адасқан жан ретінде саналады. Ислам тарихында адасқан мұсылмандарды көптеп кездестіруге болады. Олай болса ең алдымен ақидамызға ерекше мән бергеніміз абзал.

Адамзат   тарихындағы    барлық   пайғамбарлардың иләһи  дін  жеткізудегі  ортақ  ұстанымдары:  «Аллаһтың бар екендігіне, бір екендігіне иман ету. Оны нұқсан си- паттардан пәк етіп, кәміл сипаттарымен таныту. Ақырет күніне,  есеп  беруге,  жәннат,  жәһәннам  және  осыларға байланысты ұғымдарға кіршіксіз сену». Бұл жөнінде аят та: «(Мұхаммед (с.а.у.)) Сенен бұрын бір пайғамбар жіберсек; оған: «Күдіксіз Менен басқа тәңір жоқ. Онда Маған құлшылық қылыңдар» - деп қана уахи етіп жібердік» (21.Әнбия-25), - деп, бүкіл пайғамбарлардың айтқан сөздері мен насихаттары - тек адамзат пен ғаламды жаратқан Аллаһты тану мен Оған иман ету және құлшылық жасау қажеттігі жайында екенінен хабар береді.

Аллаһ Тағаланың разылығын алып, жәннәтқа кіру, ақиданың  шынайылығына  байланысты  болса,  дәл  сол секілді жәһәннамда мәңгі қалу да ақиданың бұзылуынан болады.



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы