Иман  сөзі  -  араб  тіліндегі  «ә-мә-нә»  етістігінен шығып, ифғал бабында қолданылған масдар38  болып сана- лады. Ал жалпы иман ұғымы – бір адамның сөйлеген сөзін қуаттау,  айтқанын қабыл ету, шын көңілімен қабылдау, күмәнға жол берместен нақты, жүрекпен, шын ықыласпен сену деген мағыналарды береді. Иман еткен кісі «мумин», иман етілген нәрселерге де «муминун биһ» дейді.

Иман  сөзінің  шариғаттағы  мағынасы  –  Хазіреті Пайғамбарға  (с.а.у.)  Аллаһ  Тағаладан  жеткен  нақты үкімдерді растап, ешбір күмәнсіз қабыл ету, әрі бұлардың хақтығына шын көңілмен сену болып табылады39.

Иман етудің негізгі қағидасы жүрекпен бекітіп, тіл- мен  айту. Себебі, бір адамның толық мұсылман болуы үшін иман негіздерін жүрегімен қуаттап, тілімен сенген- дігін айтуы тиіс. 

а) Иман негіздерін жүрекпен бекіту (тасдиқ)

Иманның  негізгі  шарты  жүрекпен  қуаттау  болып келеді. Себебі, аяттар мен хадистер иманның жүректе болатындығын  білдіреді.  Иман  қолмен  ұстап,  көзбен көрінетін нәрсе емес, тек жүрекпен сезіледі. Мұны мына- дай аяттардан анық байқауға болады.

«Әй,   пайғамбар!    Ауыздарымен:    «Сендік»,   - деп жүректері сенбегендермен яһудилерден күпірде жарысқандар сені кейітпесін» (5.Майда-41).

«Бәдәуилер: «Иман келтірдік», - деді. Мұхаммед оларға   айт:   «Сендер   иман   келтірмедіңдер.   Алай- да, «Мұсылман болдық»   деңдер. Өйткені иман жүректеріңе  кірмеді»  (49.Хужурат-14).  Міне,  осы  екі аят бізге жүрегіне иман кірмеген, әрі толық  қуаттамаған адамның  жағдайын  баян  етуде.  Бұл  екі  аят  негізінен жүрегімен иман етпеген бәдәуи арабтар жайында түскен. Өйткені, олар  Пайғамбарымыздан бір зат алу ниетімен өздерін мұсылман ретінде көрсетіп: «Біз де иман келтір- дік», - дейді. Бірақ, Аллаһ  олардың иман етпегенін, тек тілімен айтқандықтан жүректеріне  әлі иман кірген жоқ, жай тілмен айтып тұрғанын баян етеді.

Ал  мына  аят:  «...  Міне  солардың  жүректеріне Аллаһ иман жазған, әрі оларды өз жағынан бір нұрмен қолдаған» (58.Мужадәлә-22) – деп, мәңгілік жәннәтта бо- латын жандардың иманынан хабар береді.

Енді, иманның жүректің қуаттауынан тұратындығы жайлы айтылған хадистерді келтірелік.

1)  Усама  ибн  Зәйд  ибн  Харис  бір  жорық  кезін- де  мүшріктермен қақтығысады. Сонда Усама ибн Зәйд шайқас  үстінде бір адамның басын алмақ болғанда әлгі адам: «Лә иләһә иллаллаһ (Аллаһтан басқа құдай жоқ)», – дейді. Усама оның бұл айтқан сөзіне мән берместен шауып тастайды.  Себебі,  оны  әлгі  тұтқын  өлімнен  қорыққан- дықтан айтты деп пайымдайды. Усама жорықтан оралған соңболғаноқиғажайлыПайғамбарымызға(с.а.у.)айтқанда, Аллаһ  Елшісі ашулы кейіппен: «Өлтірген адамның рас айтып, айтпағанын қайдан білесің? Әлде оның жүрегін жарып көрдің бе?- дейді». (Муслим, Иман-41; Әбу Дәуіт, Жиһад-95; Ибн Мажа, Фитән-1). Міне, хадистегі Хазіреті Пайғамбарымыздың (с.а.у.): «Жүрегін жарып көрдің бе?» деген   сөзі  иманның  жүректің  қуаттауымен  (тасдиқы) болатындығына айқын дәлел.

2) Хазіреті Пайғамбарымыз бір хадис шәріпте былай дейді:   «Аллаһтан  басқа  тәңір  жоқ  екендігіне  және Мұхаммед  Аллаһтың елшісі екендігіне шын жүрегімен куәлік  еткен  кісіге  Аллаһ  жәһәннәмды  харам  еткен» (Муслим, Иман-17).

3) Басқа бір хадисте    былай     дейді:     «Аллаһ жәннәттықтарды жәннәтқа, жәһәннәмдықтарды жәһәннәмға   тастайды.  Содан кейін:  «Қараңдар, жүрегінде титтей иман болған біреуін тапсаңдар, оны жәһәннәмнан шығарыңдар», - дейді». (Бухари, Иман-15; Муслим, Иман-82).

Осы айтылған аяттар мен хадистер бізге иман етуде жүректің қуаттауы бірінші шарт екендігін білдіреді. Егер бір  адам  жүрегімен сенбестен, тілімен кәлима айтса, ол иман  еткенге жатпайды40. Ал, егер керісінше жүрегімен сеніп, тілімен айтпаса, біз оның кім екендігін, оған деген көзқарасымыздың  қалай болатындығын білмейміз. Мы- салы, бір адам өзінің мұсылман екендігін айтпаса, бірақ жүрегімен сенсе, шариғаттың үкімдерін оған қалай орын- датасыз? Оның мұсылман ба, әлде мұсылман емес пе оған көзіңіз анық жетпейді. Бірақ, оның  жүрегіндегіні Аллаһ біледі,  сол  себепті  ақыретте  мумин  есебінде  болады. Алайда, жүрегімен сеніп, қуаттаған бірақ, тілсіз, мылқау, яки өлімнен қорқып сенімін айтпастан кәпірмін, атеистпін деп айтқан кісі де мумин болып саналады. Өйткені, Аммар ибн Ясир есімді сахабаның басынан осындай оқиға өтеді.

Аммар ибн Ясир жанұясымен ислам дінін қабылдаған алғашқы  мұсылмандар  болатын.  Меккеде  күн санап мұсылмандардың саны артып келе жатқаны мүшріктердің жанына  батып,  исламды  қабылдаған  мұсылмандарды дінінен  қайтару  үшін  зорлық  пен  зұлымдыққа  көшеді. Осы  зорлық  пен  зұлымдықтың  құрбаны  болғандардың қатарында    Аммар      ибн    Ясирдің  жанұясы         бар      еді. Мүшриктер Аммардың әке-шешесін ыстық құмның үстіне жатқызып, дінінен қайту үшін  әбден қинап, жәбірлейді.

«Менің  құдайым  Лат,  Манат,  Узза»,  -  деп  айтқызбақ болғанымен  жүрегінде  иманы  берік  Аммардың  анасы Сумәйя  мен әкесі Ясир: «Аллаһтан басқа тәңір жоқ», - деп, айтқандарынан қайтпайды. Содан мүшриктер Сумәйя мен Ясирді жауыздықпен шәхит етеді. Бұл уақиға Ислам тарихында алғаш шәхит болған әйел мен ер сахаба ретін- де  есімдері  ислам  тарихында  алтын  әріппен  жазылып қалады. Әке-шешесін көз  алдында өлтірген соң Аммар шарасыздықтан: «Менің құдайым Лат, Манат, Узза», - деп айтып, аман қалады. Содан Хазіреті Пайғамбарымыздың (с.а.у.) құзырына барады да: «Мен құрыдым, біттім, Аллаһ мені кешірмейді», - деп өкініш сезімін айтып,  басынан өткен  оқиғаны  айтып  береді.  Хазіреті  Пайғамбарымыз (с.а.у.) оған: «Сен сол сөзді айтқанда шын жүрегіңмен айттың  ба, әлде жүрегіңде иманың бар ма еді?», - деп сұрайды.   Аммар:   «Ол   кезде   менің   жүрегім   иманға толы  еді,  бірақ  мен  жанымды  құтқару  үшін  олардың айтқандарын істедім», - деп жауап береді41. Осы оқиғадан кейін Аллаһ Тағала мына  аятты  түсіреді де, Аммардың кәпір болмағанын, керісінше мумин екендігін баян етеді:

«Жүрегі иманмен орныққаннан кейін зорлық көрген адамнан басқа жандар иман келтіргеннен кейін Аллаһқа қарсы  келсе, сондай-ақ біреу көңілін имансыздыққа берсе, оған Аллаһтың ашуы және оларға зор азап бар» (16.Нахыл-106).

 

б) Сенгенін тілімен айту (иқрар)

Иман  жүрекпен  бекітілген  соң,  оны  тілмен  айту керек.   Тілмен  айтылмаған  жағдайда  ол  адамның  кім екендігі  белгісіз  болғандықтан,  шариғаттың  бұйырған көптеген  амалдарын ол кісі үшін жасай алмаймыз. Мы- салы, қарапайым  сәлем беру әдетін мұсылман екендігі белгісіз  болған  кісіге  берілмейді.  Өйткені:  «Әс-сәләму алайкум»   деп   мұсылман   бауырыңыздың   амандығын тілеген боласыз. Мұсылман емес кісіге: «Әс-сәләму алай- кум», - деп айтылмайды (дұрысы олар сізге не тілесе, сіз де өзіне соны тілейсіз). Осы тектес көптеген мысалдарды келтіруге болады.

Адамның жүрегінде не бар екендігін тек Аллаһ біледі. Бірақ, Аллаһ Тағала Құранда: «Аллаһқа және бізге түсірілген нәрселерге иман еттік деп айтыңдар....» (2.Бақара-136) деп иман еткенімізді тілмен айтуымызды бұйырады.

Иман етуде тілмен айтудың қаншалықты маңызды екенін   Пайғамбарымыздың  (с.а.у.)  мына  хадистерінен де байқауға болады: «Адамдар: «Аллаһтан басқа тәңірі жоқ, Мұхаммед Оның елшісі» деп айтқанға дейін олар- мен соғысуға  бұйырылдым. Қашан осы сөзді айтатын болса, жаны мен малын менен құтқарған болады. Бірақ діни  жазалар  бұдан  басқа.  Ішкі  жан  дүниесінің  есебі Аллаһқа қалады» (Бухари, Жиһад-102; Иман-17; Муслим, Иман-8; Әбу Дәуіт, Жиһад-104).

«Жүрегінде    бидайдай,    арпадай   иманы    болып:

«Аллаһтан басқа тәңірі жоқ, Мұхаммед Оның елшісі» деген  адам  жәһәннамнан  шығады»  (Бухари,  Иман-33; Тирмизи, Жәһәннам-9; Ибн Мажа, Зухд-37).

Имам Ағзам Әбу Ханифа «Фиқһул Әкбәрда»: «Иман тілмен иқрар (айту), жүрекпен тасдиқ (қуаттау)»,     деп түйіндейді. 

Иманды жүрегімен  қуаттамаған  кісі,  тілімен  иман келтіретін болса, ондай кісі мунафиқ болады. Мунафиқ дегеніміз жүрегімен сенбестен, тек көзбояушылық ниет- пен  сырт  көзге мұсылман болып көрінген екіжүзді кісі. Дегенмен бір адамды мунафиққа жатқызу үшін алдымен оның  бойында  екіжүзділіктің  нышандары  бар  ма,  жоқ па соны айырып алу керек. Адам бойынан ондай қасиет байқалмайынша, оған  мұсылман ретінде қарым-қатынас жасау міндетіміз болып  табылады. Ал, оның ақыреттегі есебі Аллаһ Тағаланың  құзіретіне қалады43. Егер пенде мунафиқтық ниетпен иман еткен болса, мәңгілік тозақта қалары сөзсіз. Құранда жүрекпен сенбестен, жәй тілімен иман еткендерді мумин демейді: «Адамдардың кейбіреуі екіжүзді (мунафиқтар): «Аллаһқа ақырет күніне иман еттік» деп айтады. Бірақ олар иман етушілерден емес» (2.Бақара-8).



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы