ПЕНДЕНІҢ СЕНІМ ТҰРҒЫСЫНАН БОЛАТЫН ДӘРЕЖЕЛЕРІ 

Құранда Жаратушыға  иман  ету  мен  иман  келтір- меу   тұрғысынан  адамдардың  діни  дәрежесі  әр  түрлі болатындығы  анық  түрде  баян  етілген.  Сондықтан  біз де бұл жерде сенім  тұрғысынан адамдардың ислам діні бойынша, қалай  аталатындығын аят пен хадис аясында қарастыра отырып, олардың діни дәрежелеріне қысқаша анықтама берейік. 

Мүмин

Аллаһқа, Оның Елшісіне және ислам дінінің әкелген барлық діни үкімдеріне күмәнсіз, сенімді түрде иман етіп, ислам дінінен басқа дінді қабыл етпеген кісіге мумин, не мұсылман дейміз. Жүрегінде иманы болып дүниеден өткен момын пенделерге Аллаһ о дүниеде сый ретінде жәннәттан орын  беретіндігін  көптеген  аятта  айтып  өтеді.  Мумин пенделер көзге көрінбеген, көрмеген, адам қиялынан тыс болған нәрселерге сенетіндігімен айқындалады.

Мумин пенделердің барар жері жайында аятта былай дейді: «Расында иман келтіріп, ізгі іс істегендер үшін Фир- даус жәннәты қонақ үй болады. Олар онда мәңгі қалады да өздері одан ауысуды қаламайды» (18.Кәһф-107).

Муминдер Аллаһқа және дінге шынайы сенгендік- тері үшін еш күмәнсыз ақыретте астынан өзендер аққан Аллаһтың суреттеуге тіл жетпес жәннәтына барады. Себебі, бұл Аллаһтың муминдерге берген уәдесі екендігі мына аятта: «Раббыларынан қорыққандар үшін аста- рынан өзендер ағатын қабат-қабат салынған сарайла- ры бар. Бұл Аллаһтың уәдесі. Аллаһ уәдесінен таймай- ды» (39.Зумәр-20) – деп бекітіледі.



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы