Фасық - Аллаһтың әмірлеріне қарсы әрекет ететін, күнәһар,   жаман   мінезді,   жамандық   жасауды   әдетке айналдырған мұсылман кісі. Фиқһ іліміндегі фасық сөзінің терминдік  мағынасы  былай  болып  келеді:  «Аллаһқа итағатты (мойынсұну) тәрк еткен және Оған қарсы кел- ген, үлкен күнә істеуден тайынбаған, кіші күнә жасауды әдетке айналдырып, тура жолдан шыққан кісі фасық  деп аталады».

Шариғат үкімі бойынша фасық әрекеттің үш дәрежесі бар:

1. Күнәнің  жаман  екендігін  біле  тұра,  кейде  күнә істеу.

2. Бір күнәні әдейілеп жасау.

3. Бір амалдың харам әрі күнә екендігін біле тұра күнә істеу.

Үшінші дәрежесі жасалған кезде адам кәпір болады. Фасық  кісі  мұндай  дәрежеге  келмейінше,  әһли  сүннет сенімі бойынша мұсылман деп аталады. 

Құранда фасыққа байланысты аяттарда фасықтықтың, яғни  күнәһарлықтың қандай жағдайларда болатындығы айтылады: «Хаж белгілі айлар. Кім ол айларда (ихрам байланып) міндеттенсе, хаж кезінде әйелге жақындасу, фасықтық (күнә)  істеу және жанжал жоқ» (2.Бақара-197).

«Аллаһтың аты айтылмай (бауыздалған мал) жемеңдер. Оны жеу күдіксіз фисқтық (арам) болады» (6.Әнғам-121).

«Фасық»  атауы  күнә  жасаушы  мұсылман  пенде- ге  берілген есім болғанымен, кейде күпірлікпен бірдей мағынаға  да  келеді. Аятта осы мәселенің астары анық беріледі: «Расында саған ап-ашық аяттарды түсірдік. Оған  фасықтар  ғана  қарсы  шығады»  (2.Бақара-99). (қараңыз: 10.Юнус-23; 5.Майда-81).



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы