Аси - Аллаһтың бұйырған әмірлерін орындамаған, Аллаһтыңүкімдерінеқарсышыққанкүнәһармұсылманның атауы. Аси сөзі Құран Кәрімде де Аллаһтың және Оның Елшісінің   әмірлеріне    қарсы келуші,     күнәһар   адам мағынасында қолданылады: «Ал кім Аллаһқа, Елшісіне қарсы келіп (асилік етсе) Оның шектерінен шықса, ол ішінде мүлде қалатын отқа кіргізіледі. Оған қорлаушы азап бар» (4.Ниса – 14).

«Сондай-ақ кім Аллаһқа, Елшісіне қарсы келсе (асилік етсе), сонда рас ашық адасқан болады» (33. Ахзаб-36).  (қосымша  аяттар  үшін  қараңыз:  19.Мариям – 44; 49.Хужурат – 7; 72.Жын – 23).

Асидің істеген  күнәсі  үлкен  болсын,  кіші  болсын егер күпірлік ететіндей деңгейге жетпеген жағдайда, әһли сүннет  ғалымдары ондай кісіні күнәһар мұсылман деп атайды. Бірақ, бұл атау осы пәни дүниеге ғана қатысты, ал   ақыретінің  қандай  болары  бір  Аллаға  ғана  аян. Жоғарыда келтірген «Ниса» сүресінің 14 - аяты асилердің шектен  шығуынның кесірінен кәпірлер секілді мәңгілік тозақта қалдырылатынын баян етуде. Олай болса, фасық пен күнәһар мұсылманның ақыреті де бұлыңғыр, тұманды болмақ.

Ислам тарихында халифа билігіне қарсы шыққан, бас көтерген мұсылмандарды да «асилер» деп атаған.



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы