Бисмиллаһиррахманиррахим 

Адамзат үшiн үш түрлі өмiр бар: дүние, қабiр жəне ахырет өмiрi. Дүниеде дене мен рух бiрге болады. Адам баласына өмiр, тiршiлiк пен жан беретiн фактор – рух. Рух денеден айрылған сəтте адам баласы көз жұмады. Дене қабiрде шiрiп, топыраққа айналғанда немесе жанып күл болғанда не-месе жыртқыш хайуан жеп, жоқ болғанда рух жоғалмайды. Қабiр өмiрiнде сезiм бар, əрекет жоқ. Қияметте қайта бiр дене жаратылып, рухпен дене жəннатта немесе тозақта мəңгi өмiр сүредi. 

Адам баласының дүниеде жəне ахыретте бақытты болуы үшiн мұсылман болуы керек. Дүниеде бақытты болу дегенiмiз – еркiн өмiр сүру. Ахыретте бақытты болу дегенiмiз – жəннатқа кiру. Рақымы мол Аллаһу та’ала құлдарына бақытты болудың жолдарын Пайғамбарлары арқылы бiлдiрген. Өйткенi адам баласының бұл бақытқа жету жолдарын өз ақылымен табуы мүмкiн емес. Əрбiр пайғамбар тек Аллаһу та’аланың бiлдiргендерін айтқан. Пайғамбарлар айтқан бақыт жолы - Дiн деп аталады. Мұхаммед алейһиссалам əкелген дiн - Ислам дiнi. Адам алейһиссаламнан берi дүниеге мыңдаған пайғамбарлар келген. Ал пайғамбарлардың соңғысы 

– Мұхаммед алейһиссалам. Өзге Пайғамбарлардың əкелген дiндерi уақыт өте келе бұзылған, өзгерген. Қазiргi таңда екі дүниенің бақытына қол жеткiзу үшiн Ислам дiнiн үйренуден басқа шара жоқ. Ислам дiнi - жүрек пен иман келтiретiн, əрi дене мен орындалатын ғибадат, яғни құлшылықтардан тұрады. Иман жəне ғибадаттар мазһаб танымайтын надандар мен адасқандардың кiтаптарынан емес, əһли сүннет ғұламаларының кiтаптарынан үйренiледi. Хижри Х ғ.-ға дейiн Ислам əлемiнде көптеген əһли сүннет ғұламалары бар едi. Қазiргi таңда ешбiрi қалмағандай. Дегенмен де бұл ғұламалардың араб жəне парсы тiлдерінде жазылған кiтаптары, аудармалары, əлемнiң кез келген жерiнде, кiтапханаларда көптеп табылады. Түркістан кітапүйі баспасының барша кiтабы аталған əһли сүннет ғұламаларының еңбектерiнен алынған. Бақытқа қол жеткiзү үшін «Түркістан кітапүйі» баспасының кiтаптарын оқыңыз! 

ЕскертуМиссионерлер христиандықты жаюға,еврейлер өз дiнбасыларының қателiкке толы сөздерiн жаюға, ал «Түркістан кітапүйі» ба-спасы болса, ислам дiнiн жаюға, ал масондар дiн атаулыны жоқ етуге тыры-суда. Санасы, бiлiмi, ынсабы бар əрбiр пенденің бұлардың iшiнен дұрысын таңдап, əрi мұның таралуына үлес қосып, күллi адамзат баласының бақытқа қол жеткiзуiне себепшi болары сөзсіз. Ал адамзат үшiн бұдан артық құнды, əрi пайдалы қызмет болуы мүмкiн емес.

 

Кiрiспе 

Намаз кiтабын жазуды Аұзу Бисмиллəмен бастаймын. Аллаһу та’алаға хамд(мадақ)-мақтаулар болсын. Ол таңдаған, сүйген құлдарына жəне де адамзаттың асыл тəжi болған Мұхаммед алейһиссаламға салауат болсын. Ұлы Пайғамбардың пəк отбасына, əдiл сахабаларына Аллаһтың нұры жаусын. 

Дүниеде игi, пайдалы нəрселер мен зиянды, жаман нəрселер арала-сып кеткен. Бақытқа, рахатқа, тыныштыққа қол жеткiзу үшiн əрдайым игi, пайдалы, жақсы нəрселердi iстеу қажет. Мейрiмi шексiз Аллаһу та’ала игi, пайдалы нəрселердi жамандықтан айыру үшiн бiр қуат көзiн жаратты. Бұл қуат көзі - ақыл деп аталады. Кəміл жəне пəк ақыл игi, жақсы iстi жасауға итермелейдi əрi жаңылмайды. Күнə iстеу, нəпсiнiң дегенiне көну ақыл мен жүректi уландырады. Ал уланған, ауруға шалдыққан ақыл жақсыны жаман-нан айыра алмайды. Аллаһу та’ала рақымдылығымен бұл iсте де құлдарына көмектескен. Яғни игi, пайдалы, жақсы амалдарды пайғамбарлары арқылы бiлдiрiп, оларды iстеуiмiздi бұйырған. Ал бiзге зиянды, зарарлы iстерден хабардар етіп, бұларды iстеуге тыйым салған. Осы əмiрлер мен тыйымдар жинағы - дiн деп аталады. Мұхаммед алейһиссаламға берiлген дiн – Ислам дiнiдеп аталады.Қазiргiтаңдаəлемде өзгермей сақталған бiр ғана дiн бар.Ол – Ислам дiнi. Бейбiтшiлiк пен тыныштыққа, рахатқа қауышу үшiн Ислам дiнiнiң əмiрлерiне сəйкес əрекет етуiмiз, яғни мұсылман болуымыз қажет. Мұсылман болу үшiн ешбiр имамға, немесе муфтиге барудың қажетi жоқ. Əуелi жүректен иман ету керек. Содан соң Ислам дiнiнiң əмiрлерi мен тый-ымдарын бұлжытпай орындау керек. 

Иман келтiру үшiн əуелі кəлима-и шаһадатты айтып, һəм мағынасын бiлу керек. Бұл сөздiң мағынасына тура сену үшiн де əһли сүннет ғұламалары жазған кiтаптарға сəйкес сену керек. Əһли сүннет ғұламаларының жазғандарын ұстанғандарға жүз шəһидтiң сауабы берiледі. Ислам дүниесiндегi негiзгi төрт мазһабтың ғұламалары əһли сүннет ғұламалары болып табылады. Иманнның шарттары «Иман жəне Ислам» атты кiтапта кеңiнен түсiндiрiлген. Сол кiтапты оқуыңызға кеңес беремiз. 

Қазiргi таңда əлемдегi мұсылмандар үш топқа бөлiнген. Бірінші топ - сахабалардың жолын ұстанған шынайы мұсылмандар. Бұлар Əһли сүннет немесе Фирқайи Нажийа, яғни «тозақ азабынан құтылған топ» деп атала-ды. Екiншi топ - сахабаларға дұшпан болғандар тобы. Бұлар шиа (шиит) немесе фирқайи заллə, яғни «адасқан топ» деп аталады. Үшiншi топ - əһли сүннетке де, шиаларға да дұшпан болғандар тобы. Бұлар Уаһһаби немесе Нəжди деп аталады.Өйткенiбұлар алғаш рет Арабияның Нəжд қаласындапайда болған. Бұл топты фирқайи малъуна, яғни «қарғыс атқан топ» деп те атайды. Өйткені уаһһабилердің мұсылмандарды мүшрик (кəпір) деп атайтыны «Қиямет жəне Ахырет» жəне де «СаадатиƏбəдия» кітаптарымызда келтірілген. Ал мұсылманға кəпiр дегендерге Пайғамбарымыз лағнет айтқан. Мұсылмандарды осы үш топқа айырғандар еврейлер мен ағылшындар болатын. 

Қай топтан болмасын, нəпсiсіне ерген, жүрегi қарайған əрбiр мұсылман тозаққа кiруге лайықты болады. Сондықтан да əр бір мұсылман нəпсiсiн та-зарту үшiн əрдайым Лə илаһə иллаллаһ кəлимасын, ал жүрегін шайтан-нан, жаман достан, жəне зиянды кітаптардан жұққан күпірден, күнəлардан құтқару үшiн əрдайым Астағфируллаһ деп айтуы қажет. Ислам дiнiне сай əрекет ететiн мұсылманның дұғалары күмəнсiз қабыл болады. Намаз оқымайтын, ашық-шашық əйелдерге қарайтын, харам iшiп-жейтіндердiң ислам дiнiне сəйкес əрекет етпегендiктерi анық. Олардың дұғалары қабыл болмайды. 

Иман келтiргеннен кейiнгi ең маңызды Аллаһтың əмiрi - намаз болып табылады. Бес уақыт намаз оқу - əр мұсылманға фарзи айн. Оқымау - үлкен күнə. Ханбали мазһабында тіпті күпір болып есептеледi. Намазды толық əрi дұрыс оқу үшiн алдымен намаз ілімін үйрену қажет. 

Дiнiмiздегi əмiр етiлген намазды осы кiтапта қысқа əрi нұсқа жазуды жөн көрдiк. Көптеген ислам ғұламаларының кiтаптарынан пайдалана оты-рып, дайындаған бұл кiтабымызды əрбiр мұсылман мiндеттi түрде оқуы, əрi балаларына үйретуі қажет. Намазын дұрыс оқу үшiн намазда оқылатын сүрелер мен дұғаларды жаттау керек. Ең болмаса, намаз оқуға қажеттi дұғалар мен сүрелердi арапшаны жақсы оқи алатын бiр ұстаздан немесе жақын жора-жолдасынан үйренуi тиiс. Құран Кəрiмдi дұрыс оқу үшiн Құран Кəрiм оқытатын курстарға баруы аса маңызды. Құран Кəрiмдi міндетті түрде дұрыс оқуды үйрену əрi перзенттерiне де үйрету əрбір мұсылманның міндеті. Құран Кəрiмдi басқа алфавит əрiптерiмен дұрыс жазу мүмкiн емес. Дұрыс оқу үшiн міндетті түрде арап алфавитінде оқуы керек. Бұл жайында Пайғамбарымыз: «Перзентiне Құран Кəрiм оқуды үйреткенге немесе Құран Кəрiм үйрететiн ұстазға жiбергенге, Құран Кəрiмнiң үйретілген əрбiр əрпi үшiн Қағбаны он рет зиярат еткеннiң сауабы берiледi. Əрi қиямет күнi басына тəж кигiзiледi. Барша адам баласы оған қызыға қарайды»-деп бұйырған. 

Аллаһу та’ала баршамызды дұрыс, тура иман келтiрген, намазын кемшiлiксiз толық оқитын, игi, қайырлы iстердi iстейтiн құлдарынан қылғай! Амин. 

Хасан Яваш

Милади

Хиджри шамси

Хиджри қамари

2011

1389

1432



Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы