Сенбі, 14 Наурыз 2015   |   1256 рет оқылды

Оқиға: Аяққа қадалған жебе

Пайғамбарымыздың сүйiктi күйеу баласы хазреті Əли (радыяллаһу анһ) намаз оқып жатқанда дүние астаң-кестең болса да хабары болмайтын. 

Бiр соғыста хазреті Əлидың аяғына садақтың жебесi қадалып қалады. Жебенiң сүйекке кiргенi соншалық шығару мүмкін болмай-ды. Дəрiгерлерге де көрсетедi. Дəрiгерлер: «Бұл жебенi алу үшiн адамды есiнен тандыратын дəрi қолдану қажет. Сонда ғана алуға болады. Əйтпесе шыдау қиын болады» - дейдi. Сонда хазреті Əли: «Ондай дəрiнiң қажетi қанша. Одан да намаз уақытын күтейiк. На-маз оқыған кезде аларсыңдар» - дейдi. Намаз уақыты кiргенде, хазреті Əли намаз оқуға тұрады. Сол кезде дəрiгер хазреті Əлидiң аяғын кесіп, жебенi алып тастайды. Жараның бетiн байлап болған соң, хазреті Əли намазды бiтiрiп: «Алып тастадыңдар ма?» - деп сұрайды. Дəрiгер: «Иə, алып тастадым» - дейдi. Сонда хазреті Əли: «Ешқандай нəрсе сезбедiм» - деген екен. 

Мұнда таң қаларлық не бар! Өйткенi Юсуф Пайғамбардың сұлулығын көрген Мысыр əйелдерiнің қайран қалғандығы соншалық өздерін ұмытып кетiп, қолдарын кесiп алғанынан да ха-барлары болмаған. Егер Аллаһу та’аланың құзырында тұру, махаб-батына бөленген ғашықтарын өз-өзiн ұмытатындай халге түсірсе, оған таң қалудың қажетi жоқ. Мүмiндер де жан тапсырар кезде Пайғамбарымызды көрiп өлiмнiң қиыншылығын сезбейді.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы