Сенбі, 14 Наурыз 2015   |   1430 рет оқылды

Оқиға: Ес тандыратын дəрi

Аллаһтың сүйiктi құлдарының бiрi Əмiрі Қайстың бармағына күбiртке шығады. Тəуіп оны кесу керек дейдi. Əмiр: «Шешімге мойынсұну құлшылықтың шарты» - дейді де бармағын кестiредi. Арада бiрнеше күн өткеннен соң ауру асқынып, аяғын кесу керек болады. Сонда тəуіп: «Бұған сездiрмейтiн дəрi бермесек болмай-ды, оған шыдау мүмкiн емес» - дейдi. Мұны естiген Əмiр: «Өйтiп əуреленудiң қажетi жоқ, одан да Құран Кəрiмдi əдемі дауыспен оқитын адамға Құран оқытыңдар. Жүзімнен өзгеріс көрген кезде аяғымды кесіңдер, сонда хабарым да болмайды» - дейдi. Сөйтiп, Құранды жақсы оқитын адамға Құран оқытады. Сол кезде Əмiрдiң жүзi өзгерiп шыға келедi. Дəрiгер аяқтың жартысынан көбiн кесiп, жарасын жақсылап таңып болғанда Құранды оқып отырған адам тоқтайды. Əмiр өз-өзiне келiп: «Кестіңдер ме?» - дейдi. Тəуіп: «Иə» - дегенде: «Кесiлген аяқты маған берiңдер» - дейдi. Ол аяқты қолына алып: «Йа, Раббым! Бұл аяқты берген Сенсiң. Мен Сенiң құлыңмын. Үкім сенің үкімің, қаза сенің қазаң. Егер Қияметте, «Ей, құлым, сен күнəға бір адым да баспадың ба?» десең, сенің əміріңе қайшы бір қадам да басқан жоқпын деп айта аламын» - дейдi.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы