Сенбі, 14 Наурыз 2015   |   1427 рет оқылды

Оқиға: Намаз үшiн аянбау

Бурса қаласы Османлылардың қол астына кiрмей тұрып, бір рум (грек) жасырын мұсылмандықты қабылдайды. Оның ең жақын деген досы таңырқап; «Ата-бабаңның ежелден келе жатқан дəстүрлi дiнiн тастап, неге бұл дiндi қабылдадың?» деп сұрайды. Ол досына мəн-жайды былай деп түсiндiрiп бередi: «Бiрде мұсылмандардың арасынан тұтқындалған бiреу менiң қарамағыма берiлдi. Бiр күнi əлгi мұсылман бiресе иiлiп, бiресе тұрып, бiр əрекет iстеп жатты. Əрекеттеріне тосқауыл болып «Не iстеп жатырсың?»- деп сұрадым. Ол бетiн сипап: «Намаз оқып жатырмын, егер кедергі болмасаң əр намаз үшiн бір алтын беремін» - дедi. Мен келісімімді бердім. Бірақ күн өткен сайын алатын ақшамның мөлшерін көбейте бердім. Бір күні əр намаз үшін он алтын сұрадым. Ол оған да келісті. Оның ғибадатқа болған жомарттығы менi қатты таң қалдырды. Бiр күнi оған: «Сенi тұтқыннан босатамын» дегенiмде қатты қуанып, маған былай деп дұға еттi: «Йа, жаратушы Раббым! Мына құлыңа иман бере гөр!» Сол кезде жүрегiмде мұсылман болу арманының көбейгені соншалық, дереу кəлима-и шаһадатты айтып мұсылман болдым.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы