Сенбі, 14 Наурыз 2015   |   3388 рет оқылды

Бес уақыт намаз

Намаз - Аллаһу та’аланың əмiрi. Аллаһу та’ала Құран Кəрiмде жүзден аса жерде «Намаз оқыңдар!»- деп əмiр еткен. Əрбiр ақыл-есi дұрыс, балиғат жасына толған мұсылманның күнде бес уақыт на-маз оқуы Құран Кəрiмде жəне хадис шəрифтерде əмiр етiлген.

Рұм сүресiнiң 17-18-шi   аяттарында:   «Кеш жəне таң уақыттарында Аллаһты тасбих етіңдер. Көктер мен жерде болғандардың орындаған құлшылықтары жəне екінді мен түс уақыттарында жасалған барлық хамдтер (мақтау) Аллаһу таала үшін»деп бұйырылды.Бақара сүресiнiң239-аятында:«Намаздарды, сондай-ақ орта (екінді) намазды орындаңдар!».(Яғни намаздарды үзбей оқыңдар.) деп бұйырылды. Жоғарыдағы аятта айтылған тасбих (пəктеу, ұлықтау) жəне хамд (мақтау) сөздерiнiң намаз мағынасына келетiндiгi тəпсiр кiтаптарында айтылған. Хұд сүресiнiң 114-аятында: «Күндiздiң екiжағында (түс, екінді уақыттарында) жəне түнге жақын үш уақытта (ақшам,таң,құптан уақыттарында) болған намаздарды толық орында. Шынында бұл жақсы амалдар,(бес уақыт намаздың сауабы кіші) күнəларды жояды. Бұл ғибратпен түсiнетіндер үшiн бiр насихат»-деп бұйырылған. 

Пайғамбарымыз Мұхаммед алейһиссалам да: «Аллаһу таала құлдарына күнде бес уақыт намаз оқуларын əмiр еттi. Дұрыс дəрет алып, намазды уақытында оқыған, рүку мен сəжделерiн толық орындаған пенделердің күнəларын Аллаһу таала кешiред-деп айтқан. 

Бес уақыт намаз 40 рəкаттан тұрады. Бұлардың 17-сі парыз, 3-і уəжiп, 20 рəкаты сүннет. Олар мына төмендегiдей: 

  1. Таң намазы:4рəкат.Алдымен екiрəкат сүннетi,кейiн екiрəкат парызы оқылады. Бұл екi рəкат сүннет ең қуатты сүннет болып саналады. Тiптi мұны уəжiп дегендер де бар. 
  2. Бесiн намазы:10рəкат(4рəкат алғы сүннет, 4рəкат парыз,2 рəкат соңғы сүннет).
  3. Екiндi намазы:8рəкат(4рəкат сүннет, 4рəкат парыз.) 
  4. Ақшам намазы:5рəкат(3рəкат парыз, 2рəкат сүннет.) 
  5. Құптан намазы:13рəкат(4рəкат алғы сүннет, 4рəкат па-рыз, 2 рəкат соңғы сүннет, 3 рəкат үтiр намазы).

Екінді мен құптан намаздарының алғы сүннеттерi ғайри мүəккəд сүннетке жатады. Бұлардың екiншi рəкатында отырғанда, “əттəхияттан” кейiн “Аллаһумма салли” жəне “Аллаһумма барик” дұғалары ақырына дейiн оқылады. Үшiншi рəкатқа тұрғанда, алды-мен бисмиллаһ айтылмай тұрып, “Субханака” дұғасы оқылады. Ал, бесiн намазының алғашқы сүннетi Мүəккəд сүннет. Яғни қуатпен əмір етілген. Сондай-ақ бұл сүннеттiң сауабы да көп. Бiрiншi оты-рыста парыз намазындағыдай тек қана “Əттəхияту” оқылып, кейiн үшiншi рəкатқа тұрады. Тұрғанда алдымен Бисмиллаһ айтылып, кейiн “фатиха” сүресi оқылады. 

Бесiн жəне Құптан намазының парызынан кейiн 4 рəкат жəне ақшам намазы парызынан кейiн 6 рəкат намаз оқу мустаһаб болады. Яғни бұл намаздардың да сауабы өте көп. Барлығын бiр сəлеммен немесе екi рəкатта бiр сəлем берiп оқуға да болады. Екеуiнде де алғашқы екi рəкаты соңғы сүннет орнына саналады. Осы мустаһаб намаздарды соңғы сүннеттерден кейiн бөлек оқуға да болады. Жұп рəкаттарда екiншi сəждеден кейiн отырады. 

Əрбiр рəкатта намаздың парыздары, уəжiптерi, сүннеттерi, муфсидтерi жəне мəкрухтары болады. Бұларды келесi тақырыптарда ХАНАФИ мазһабы бойынша түсiндiремiз.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы