Сенбі, 14 Наурыз 2015   |   1146 рет оқылды

А) Намаз сыртындағы парыздар (шарттар)

  1. Хадестен таһарат:Дəретiжоқ адамның дəрет алуы менжүнiп болған адамның ғұсыл алуына айтылады.
  2. Нəжістен таһарат:Намаз оқитын адамның денесiн,киiмiнжəне намаз оқитын жерiн ауыр жəне жеңiл нəжістен, яғни дiнiмізде кір болып саналатын нəрселерден тазарту. Мəселен: қан, зəр, спирт сияқты нəрселер нəжіс болып есептеледi.
  3. Сатр-и аурат:Əурет жерiн жабу.Əурет жерін жабу Аллаһута’аланың əмiрi. Ер адамдардың əурет жерi кiндiгi мен тiзе астына дейін. Ал əйел кiсiлер үшiн бет жəне қолдың білектен төмен (алақан) бөлiгiнен басқа жерлерiнiң барлығы əурет болып есептеледi.
  4. Истиқбал-и Қыбла:Намаз үшін Қыблаға қарап тұру.Мұсылмандардың қыбласы қасиеттi Мекке қаласындағы Қағбаның тұрған жерi. Яғни сол ғимарат тұрған орын Қыбла деп аталады.
  5. Уақыт:Намазды уақытында оқу.Яғни намаздың уақытыкіргенін бiлу жəне оқитын намазының уақытын ойынан өткізу.
  6. Ниет:Намазға бастарда көңiлмен ниет ету.Тек ауызбен айтуниетке жатпайды. Намазға ниет ету сол намаздың атын, уақытын, қыбланы, намаз жамағатпен оқылатын болса, имамға ұюды көңiлден өткізу болып саналады. Ниет тахрима тəкбiрінің алдында етіледі. Тəкбiр айтып қойылғаннан кейiн ниет ететiн болса, ниетi де намазы да дұрыс болмайды.
  7. Тахрима тəкбiрі:Намазды бастағанда«Аллаһуəкбар»депайтады. Бұл тəкбiр ифтитах тəкбiрi деп те айтылады. «Аллаһу əкбардың»орнына басқа сөз айтылатын болса,тəкбiр айтылған бо-лып саналмайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы