Сенбі, 14 Наурыз 2015   |   1495 рет оқылды

Б) Намаздың iшiндегi парыздар (рүкiндер)

Намазға тұрғанда орындалатын бес парыз бар. Бұлардың əрқайсысын рүкiн деп атайды. Олар төмендегiдей:

  1. Қиям:Намазды бастағанда тiк тұру.Тік тұра алмайтыннауқас отырып оқиды. Отырып оқи алмайтын адам жатып ишарамен оқиды.
  2. Қыраат:Оқу деген мағынаға келедi.Намазда тұрғанда ҚұранКəрiмнен сүре немесе аят оқу.
  3. Руку:Қырааттан кейiн қолдарын тiзеге қойып иiлу.Рукудеең аз үш рет «Субхана раббиял азым» деп айтылады. Рукуден тұрып жатқанда «Самиаллаһу лиман хамидаһ» деп, тiк тұрғанда «Раббана лəкəл хамд» деп айтылады.
  4. Сəжде:Аяқ ұштарын,тiзе,қол,мұрын жəне маңдайды жергетигiзіп жасалынатын амалға айтылады. Сəждеге барғанда кемінде үш рет «Субхана раббиял ала» деп айтылады.
  5. Қадаи ахир:Намаз соңында Аттахият дұғасын оқитындайуақыт отыру. Бұны соңғы отырыс деп те атайды.

Намаздың қаншама үлкен iс жəне ғибадаттардың ең маңыздысы болғандығын шарттарының көлемінен де байқауымызға бола-ды. Сондай-ақ бұған уəжiп, сүннет, мустаһаб, мəкрух, муфсидтер қосылатын болса, Раббының құзырында құлдың қалай тұру керектігі белгiлi болады. Құл - əлсiз, күшсiз, бейшара жаратылыс. Əрбiр алған демiнде өзiн жаратқан Аллаһу та’алаға мұқтаж. Ал намаз болса, құлдың осы əлсiздiгiн сездiретiн ғибадат. Бұл жайттар кiтабымызда ретімен баяндалатын болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы