Сенбі, 14 Наурыз 2015   |   1422 рет оқылды

1. ХАДЕСТЕН ТАҺАРАТ

Бұл тарауда; дəрет, ғұсыл жəне тəйəммумды түсiндiремiз. 

ДƏРЕТ АЛУ: 

Дəрет алу намаздың парыздарының бiрi. Құран Кəрiмдi ұстау, Қағбаны тəуап ету, тiлəуат сəждесiн жасау, жаназа намазын оқу үшiн де дəрет алу қажет. Сонымен қатар үнемi дəретпен жүру, жатарда дəрет алып жату, тамақтанғанда дəреттi болу үлкен сауап болады. 

Дəретпен жан тапсырған адамға шəһидтiң сауабы жазылады. Пайғамбарымыз алейһиссалам: «Дəретпен дүниеден өткен адам

өлiм азабын тартпайды. Себебi дəрет имандылықтың нышанын бiлдiредi. Сондай-ақ намаздың кiлтi, дененi күнəдан тазартушы болып есептеледi.» 

«Мұсылман адам дəрет алғанда күнəлары құлағынан, көзiнен, қолынан жəне аяғынан төгiледi. Отырған уақытта күнəлары кешiрiлген күйде отырады». 

«Амалдардың ең қайырлысы намаз. Үнемi дəретпен жүрутек муминның сипаты. Мумин күндiз дəретпен жүргенi сияқты түнде де дəретпен жатуы керек. Осылай iстейтiн болса, Аллаһу тааланың қамқорында болады. Дəретпен тамақ жеген адамның жеген тамағы зiкiр етумен болады. Жəне де иесi үшiн кешiрiм тiлейдi.» 

Дəреттiң парызы, сүннетi, əдебi, тыйымдары жəне бұзатын жайттары да бар. Дəреті жоқтығын біліп тұрып əдейі намазға кіріскен кəпір болады. Намаз оқып тұрғанда дəретi бұзылса, дереу сəлем берiп намаздан шыққан соң дəрет алып, қайта жалғастыру қажет.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы