Сенбі, 14 Наурыз 2015   |   1553 рет оқылды

Дəреттiң парыздары

Дəреттiң парыздары Ханафи мазһабы бойынша төртеу: 

  1. Беттi бiр рет жуу.
  2. Қолдарын шынтақпен қосып бiр рет жуу.
  3. Бастың төрттен бiрiне мəсих тарту.
  4. Аяқты тобықпен қосып бiр рет жуу.

Ал Шафии мазһабында ниет пен тəртiп те парыз болып, беттi жуғанда ниет ету қажет. Су бетке тимей тұрып ниет етсе дұрыс бол-майды. Бет пен жақтағы сақалды жуу парыз. Малики мазһабында болса, дəретте жуылатын мүшелердi ысқылап, бір-бірінің артынша арасын үзбей жуу да парыз. Шииттер аяқтарын жумайды, жалаң аяқтың үстiне мəсих тартады.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы