Сенбі, 14 Наурыз 2015   |   1765 рет оқылды

Дəрет қалай алынады?

  1. Дəрет алатын кезде мына дұға оқылады; Бисмиллаһилазым. Уəлхамду лиллаһи алə динил Ислам уə алə тəуфиқул иман. Əлхамду лиллаһиллази жəалəл маə тахуран уə жəалəл исламə нуран(Ұлы Аллаһтың атымен бастаймын. (Бізге) Ислам дінін берген жəне иманды сыйлаған Аллаһу Та’алаға мадақ болсын. Суды тазартушы, Исламды да нұр еткен Аллаһқа хамд болсын)Сосын екі қол бiлекке дейiн үш рет жуылады.
  2. Оң қолымен ауызды шайғанда мына дұға оқылады:Аллаһуммасқини мин хауди нəбийкəкəсəн лəазмəу бəдəһу əбəдəн.(Ей, Аллаһым, одан ішкеннен соң кайта шөлдетпейтін Пайғамбар бұлағынан маған да бір кесе ішкіз)
  3. Оң қолымен мұрынға үш рет су алынып, сол қолымен сiңбiрiп мұрынды тазалайды. Мұрынға су алғанда: Аллаһуммə арихни рахатəл жəннəти уəр-зуқни мин ниəмиха. Уə лə турихни райихатəн-нар(Ей, Аллаһым. Мені тозақ иісімен емес, жаннат иісімен жəне жаннат нығметтерімен рызықтандыр). 
  4. Алақанымен су алып, беттi жуарда мына дұға оқыладыАллаһумма бəйид уəжһи бинурикəяума табяадду вужуһууəлияикə уə лə тусəввид уəжһи бизунуби яумə тəсуəдду вужухи адаикə(Ей, Аллаһым. Нұрыңмен əулиенің жүзін нұрландырғандай менің де жүзімді ағарт. Дұшпандарыңның бетін қара қылғандай күнəларым үшін менің де жүзімді қарайтпа).
  5. Оң қол үш рет шынтаққа дейiн жуылып жатқанда: Аллаһумма атини китаби биямини уəһасибни һисабəн ясирəн(Ей, Аллаһым. Кітабымды оң жағымнан бер. Менің есеп-қисабымды оңай ет) дұғасы оқылады.
  6. Сол қол үш рет шынтақпен қоса жуылып жатқанда: Аллаһуммəлəтутини китаби би шимəли уəлəмин уəрааи зах-ри уə лə тухасибни һисəбəн шəдидəн(Ей, Аллаһым. Кітабымды сол жағымнан жəне арқамнан берме. Мені қиын бір қисаппен жауапқа тартпа)дұғасы оқылады.
  7. Екi қолды жуып болған соң тағы да екi қолды қайта жуып, басқа мəсих тартып жатқанда: Аллаһуммə һаррим шарри уə бəшəри алəннар. Уə əзиллəни таһтə зилли аршикə яумə лə зиллə иллə зиллу аршикə(Ей, Аллаһым. Денемді жəне шаштарымды тозақ отына жақпа. Көленке болмаған күнде мені Арштың көленкесінде сақта) дұғасы оқылады.
  8. Екі қолдың сұқ саусақтарымен екі құлақтың iшiн, бас бармақтармен құлақтың сыртына мəсих тартып жатқанда, мына дұға оқылады: Аллаһумма əжални миналлəзина ястəминал-қавлə фи яттəбиунə ахсəнəһу(Ей, Аллаһым. Мені сөз тыңдап ең жақсы ұстанғандардан қыл).
  9. Қолдың сырт жағымен желкеге мəсих тартқанда:Аллаһумма атик рақабати минəннар(Ей, Аллаһым, мойнымды тозақ отынан азат ет) дұғасы оқылады.
  10. Мойынды мəсих еткеннен кейiн, сол қолдың кіші саусағымен оң аяқтың кiшкене бармағынан бастап, араларын хилалдау арқылы, аяқты тобықпен қоса үш рет жақсылап жуып жатқанда: “Аллаһумма сəббит қадамəйя əла сирати яумə тəзиллу фи-һил ақдəму10(Ей, Аллаһым. Аяқтардың тайған күнінде Сырат көпірі үстінде менің аяқтарымды тайдырма) дұғасы оқылады.
  11. Сол аяқты үш рет жууда тағы да сол қолдың кіші саусағымен бас бармақтан бастап, рет-ретiмен аяқтың кiшкене бармағына қарай жуған жөн. Аяқты тобықпен қоса жуып жатқанда: “Аллаһумма лə татруд қадамəя алə сирати яумə татруду куллу ақдəми адаикə. Аллаһуммаж-аль саъйи мəшкуран уə зəнби мағфуран уə əмəли мақбулəн уə тижарəти лəн тəбурə11(Ей, Аллаһым. Дұшпандарыңның аяқтары Сырат көпірінде тайған күнде, менің аяқтарымды тайдырма. Ей, Аллаһым, істерімді шүкір етуші қыл, күнəларымды кешір, амалдарымды қабыл ет, саудамды халал ет) дұғасы оқылады.

Пайғамбарымыз бір хадисінде былай дейдi:  «Кiмде-кiмnдəрет алып болып көкке қарап мына дұғаны оқыса, (Субханəкə Аллаһумма уə би хамдика Əшһаду əлла илаһə илла əнтə уəһдаһу лə шарика лəкə əстағфирука уə атуубу илайка Əшһаду əлла илаһə иллаллаһ уə əшһаду əннə Мұхаммəдəн абдукə уə Расулукə) Аллаһу таала ол кiсiнiң күнəларын кешiреді жəне қабыл мөрімен растап Арши аланың астында сақтайды. Сондай-ақ Қиямет күнiнде бұл дұғаны оқыған кiсi келіп Аллаһу тааладан сауабын алады.» (Ей, Аллаһым. Сені хамдпен тасбих жəне тəнзих етемін. Сенен басқа илаһ, құдай жоқтығына, бір екендігіңе, серігің болмағанына жəне Мұхаммед алейһиссалам Сенің құлың əрі расулың екеніне куəлік етемін).

Бiр хадис шəрифте: «Кімде-кiм дəрет алғаннан кейiн Иннə əнзəлнəһу сүресiн бiр рет оқитын болса, Аллаһу таала ол кiсiнi сыддықтар қатарына жазады. Екi рет оқыса, шəһидтердiң қатарына жазады. Ал үш рет оқыса, Пайғамбарлармен бiрге тіріледі»,-деді. 

Тағы бiр хадисте: «Кiмде-кiм дəрет алғаннан кейiн маған он мəрте салауат айтатын болса, Аллаһу таала ол кiсiнiң қайғысын кетіріп, көңiлiн көтередi. Сондай-ақ дұғасын қабыл етед-депайтқан. 

Дəрет дұғасын бiлмейтiндер, дəрет дұғасын оқымай-ақ дəрет алуларына болады. Бiрақ, көп ұзатпастан дұғаларды жаттап, дəрет алғанда оқулары қажет. Өйткенi мұның сауабы мол. Дəрет алып болған соң: «Аллаһуммаж-ални минəт-тəууəəбин, уəжъални мин-əл-мутатаххирин, уəж ални мин ибадик-ас-салихин, уəж ални минəллəзина лə хавфун алейһим уə лəһум яхзанун» дұғасын оқудың сауабы көп. 

Дəрет дұғасын бiлмейтiндер ең болмағанда əрбiр мүшенi жуған кезде Калима-и шаһадатты оқып, үлкен сауапқа жетулері керек.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы