Сенбі, 14 Наурыз 2015   |   1393 рет оқылды

Дəреттiң сүннеттерi

Дəреттiң сүннеттерi он сегiз: 

  1. Дəретті “Бисмиллаһ” деп бастау.
  2. Əуелi екі қолды бiлекпен қоса үш рет жуу.
  3. Ауызды үш рет сумен шаю. Бұны Мазмаза деп атайды.
  4. Мұрынды да үш рет сумен шайып сіңбіру керек. Бұны Истиншақ деп атайды.
  5. Беттi жуғанда қас, сақал жəне мұрттың астындағы көрiнбейтiн терiнi сумен ылғалдандыру.
  6. Беттi жуғанда екi қастың астын ысқылау.
  7. Сақалды мəсих ету.
  8. Сақалдың арасын саусақтарымен тарамдау.
  9. Тiстерiн тазалау. (мисуакпен тазалау маңызды сүннет).
  10. Бастың барлық бөлігіне мəсих тарту.
  11. Құлаққа бiр рет мəсих тарту.
  12. Желкені үш саусақпен бiр рет мəсих ету.
  13. Қол, аяқ саусақтарының араларын тарамдап жуу.
  14. Жуылатын мүшелердi үш реттен жуу.
  15. Беттi жуатын кезде шын көңілмен (жүрекпен) ниет ету.
  16. Тəртiп: яғни рет-ретiмен жуу.
  17. Жуылатын жерлердi ысқылау.
  18. Əр мүшенiң арасын үзбей жуу.
Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы