Сенбі, 14 Наурыз 2015   |   2323 рет оқылды

Дəреттiң əдептерi

Дəреттiң əдептерi жиырма сегiз: 

Əдеп - орындалған жағдайда сауап, орындалмаған жағдайда күнə болмаған амалдар. Ал сүннеттi орындаған жағдайда сауап, орындамаған жағдайда тəнзихан мəкрух болады. Əдепті мəндуб жəне мустаһаб деп те атайды. Дəреттiң əдептерi:

  1. Уақыт кiрместен бұрын дəрет алып намазға дайындалу. (Үзірлі болғандар уақыт кірген соң алады)
  2. Іш дəрет алғанда қыблаға оң немесе сол жағымен қарап отыру. Дəрет сындырғанда қыблаға қарай алдымен немесе артымен отыру тахримəн мəкрух болады.
  3. Нəжiс тимесе де сумен іш дəрет алу.
  4. Іш дəрет алғаннан кейiн сүлгімен құрғату.
  5. Іш дəрет алғаннан кейiн əурет жерiн дереу жабу.
  6. Басқа бiреудiң жəрдемiн алмай дəретті өзi алу.
  7. Дəретті қыблаға қарап алу.
  8. Əрбiр мүшенi жуған кезде кəлима-и шаһадат айту.
  9. Дəрет дұғаларын оқу.
  10. Аузына оң қолымен су алу.
  11. Мұрнына оң қолымен су алу.
  12. Мұрнын сол қолымен тазалау.
  13. Ауызды жуғанда тiстерiн мисуакпен тазалау. Мисуак болма-са тiс щеткасымен де тазалауға болады.
  14. Ауызды жуғанда ораза тұтпаған болса, тамағын сумен шайқау, дəретте де ғұсылда да сүннет. Ораза тұтқан болса, бұлай жа-сау мəкрух.
  15. Мұрынды жуғанда суды сүйекке дейiн тарту.
  16. Құлақты мəсих еткенде бiр саусағын құлақ тесiгіне кіргізу.
  17. Аяқтың саусақтарын тарамдағанда сол қолдың кiшкене бармағымен тарамдау.
  18. Қолды жуған кезде жүзiгi кең болса қозғап жуу. Ал тар бол-са мiндеттi түрде қозғап жуу парыз.
  19. Су көп болса да ысырап етпей жуу.
  20. Суды май жаққандай аз қолданбау қажет. (Үш рет жуылған мүшеден кемінде екі тамшы су тамуы керек.) 
  21. Бiр құманмен дəрет алғаннан кейiн, сол құманның суын тол-тырып қою.
  22. Дəрет алып болған соң (немесе ортасында) Аллаһуммаж-ални минаттəууабин... дұғасын оқу.
  23. Дəрет алғаннан соң Субха намазын, яғни екi рəкат намаз оқу.
  24. Дəретi болса да кейiнгi намаз үшiн қайта дəрет алу.
  25. Беттi жуғанда көздi былшықтардан тазалау.
  26. Беттi, қолды, аяқты жуғанда парыз болған жерлерден асырып жуу. (Қолды жуарда уысқа су алып білекке қарай ағытып шынтақпен қоса жуу)
  27. Дəрет алып жатқанда қолданылған суды үстіне шашыратпау.
  28. Өз мазһабында мəкрух болмаған бір амал басқа мазһабта па-рыз болса, мұны орындау мустаһаб болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы