Сенбі, 14 Наурыз 2015   |   1832 рет оқылды

Дəрет алудағы маңызды жайттар

Мұқтаж болмаса да төмендегi он нəрсеге мəн берiлу керек. 1.  

  1. Екi қолы шолақ болған адам, үлкен дəрет ала алмайды. Бұл кісі шолақ қолын топыраққа, жүзін дуалға сүртіп тəйəммум алады. Жүзiнде де жарасы бар болса намазын дəретсiз оқиды, яғни қазаға қалдырмайды.
  2. Ауру адамға жұбайы немесе күйеуi, балалары, бауырлары дəрет алдырады.
  3. Үлкен дəретте тас немесе осы сияқты нəрселермен тазалану судың орнына жүредi.
  4. Ақылынан айырылған немесе есінен танған адам жиыр-ма төрт сағат iшiнде есiн жинай алмаса, өзiне келгеннен кейiн намаздарының қазасын өтемейді. Iшкiлiк, апиын, дəрi-дəрмек арқылы ақыл-есiнен айырылған адам, əрбiр намазының қазасын өтейдi. Жатып басын қимылдата алмайтындай қатты ауырған кiсiнің халі жиырма төрт сағаттан асса, намаздарының қазасын оқымайды.
  5. Əжетханаға кiру үшiн арнайы шалбар қолдану жəне бас киім киіп кiру мустаһаб.
  6. Əжетханаға кiргенде қолында Аллаһу та’аланың есiмi жəне Құран Кəрiм жазылған зат болмауы тиіс. Бiр нəрсеге оралған немесе қалтада болуы керек.
  7. Əжетханаға сол аяқпен кiрiп, оң аяқпен шығу керек.
  8. Əжетханада əурет жерiн отырған соң ашу жəне сөйлемеу керек.
  9. Ұятты жерiне жəне нəжіске қарамау керек. Əжетханаға түкiрмеу керек.
  10. Ешбiр суға, мешiт қабырғасына жəне айналасына, молаға жəне жолға дəрет сындыруға болмайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы