Сенбі, 14 Наурыз 2015   |   2189 рет оқылды

Дəреттi бұзатын жағдайлар

Жетi нəрсе дереттi бұзады. 

1- Алдан жəне арттан шығатын нəрселер: 

а) Үлкен жəне кiшi дəретке отыру жəне жел шығару. 

б) Клизма аспабының ұшы немесе адам саусағы, арттан кiргiзiлiп шығарылғанда, айналасы ылғал болса бұзылады. Құрғақ болса да қайта дəрет алу абзал.

в) Еркектер жəне əйелдердiң кiшi дəретiнiң сызбауы үшiн алды-на қойған мақта, тампон сияқты нəрселерiнiң сыртқа шығып тұрған ұшы суланса, бұзылады.

 

2- Ауыздан шығатын нəжіс нəрселер:

а) Ауыз толтырып құсса, 

б) Түкiргенде қан түкіріктен көп болса. 

в) Асқазан жəне бауырдан келген сұйық қан Имам Ағзамның үкімі бойынша аз болса да дəреттi бұзады. 

г) Құлаққа тамызылған май, дəрi ауыздан шықса.

 

3- Терiден шығатындар:

а) Қан, iрiң, сары су шықса.

б) Шешек ауруынан жəне қандайда бiр iсiктен шыққан қан, сары су, ғусылда жуылуы керек болған теріге жайылса, мысалы, мұрыннан келген қан мұрын сүйегінен ағып өтсе, құлақтан аққан қан құлақ тесiгiнен шықса. 

в) Сыздауық жəне жарадағы қанды, сары суды, мақтамен сорып алса. 

г) Мисуак жəне басқа тiс тазалайтын нəрседегi қан ауызға жұқса. 

д) Құлақ, кiндiк жəне емшектен ауырып немесе бір ауру арқылы сұйықтық шықса. 

ж) Сүлiк көп қан сорса, дəрет бұзылады.

 

4- Ұйықтау: Жанбастап немесе шынтағына, не бiрнəрсеге сүйенiп ұйықтау дəреттi бұзады. 

 

5- Талып қалу, есінен айрылу, қояншық сияқты аурулар ұстап қалу немесе жүрiп бара жатқанда теңселетiндей мас болу дəреттi бұзады.

 

6-  Намазда күлу, намазды да, дəреттi де бұзады. Бiрақ жас баланікі бұзылмайды. Жалаңаш болып жыныс мүшелерiн үйкеу, əйел мен еркектiң де дəретiн бұзады. 

Дəрет алғанын бiлiп, одан кейiн бұзылғандығына күмəнданса дəретi бар болып есептелiнедi. Ал дəретi бұзылғанын бiлiп, содан соң дəрет алғанына күмəнданса, дерет алуы керек.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы