Сенбі, 14 Наурыз 2015   |   1585 рет оқылды

Дəреттi бұзбайтын жағдайлар

  1. Ауыз, құлақ жəне терiдегi жарадан шыққан құрт. 
  2. Қақырық құсу.
  3. Қан құсқанда бастан келген сұйық қан түкiрiктен аз болса.
  4. Тiстен шыққан қан түкiрiктен аз болса.
  5. Бастан келген қатқан қан көп болса да.
  6. Асқазаннан, бауырдан келген қатқан қан ауыз толы болмаса.
  7. Құлаққа тамызылған май құлақтан немесе мұрыннан шықса.
  8. Мұрынға тартылған нəрсе мұрыннан бiр немесе бiрнеше күннен кейiн қайта шықса.
  9. Бiр нəрсенi тiстегенде сол нəрседе қан көрсе.
  10. Ешбір аурусыз басқа бір себеппен жылау, мысалы, пияз, түтiн жəне газ əсерiмен көзден жас ақса.
  11. Əйел баласын емiзсе.
  12. Көп терлесе.
  13. Маса, шыбын, бүрге т.б. сияқтылар көп шақса.
  14. Теріге жайылмаған қан жəне ауыз толтырмай құсу.
  15. Ұйықтағанда сүйенген нəрсесiн тартса, құламаса.
  16. Намазда ұйықтаса.
  17. Аяғын жинап отырып, басын тiзесi үстiне қойып ұйықтаса.
  18. Аяқтарын бiр жағына шығарып, жерге отырып ұйықтаса.
  19. Жайдақ жануарда ұйықтаса (жануар өрге шықса да немесе тегiс жерде жүрсе де.)
  20. Намазда күлiмдеу.
  21. Намазда күлгенiн жалғыз өзi естiсе, бұл - даһқ делiнедi. Даһқ жалғыз намазды ғана бұзады.
  22. Шаш, сақал, мұрт жəне тырнағын алса.
  23. Жара қабығының түсуi дəретті бұзбайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы