Дүйсенбі, 16 Наурыз 2015   |   1653 рет оқылды

Дəрет үшiн жеңiлдiктер (мəсi жəне жараға мəсих)

Мəсих -сипау деген мағына бередi.Мəсихтің екі түрі бар: 

1. Мəсiге мəсих тарту: 

Мəсi - аяқтың жуылуы парыз болған жерлерiн жауып тұратын су өткiзбейтiн аяқ киiм. Мəсi үлкен болып бармақтар мəсiнiң ұшына жетпей тұрса жəне мəсих сол бос жердің үстіне тартылса дұрыс бол-майды. Мəсi жол жүргенде мықты, əрі бекем жəне аяққа шақ болуы керек. 

Табаны мен аяқтың үстi немесе тек табаны терiмен қапталып тiгілген шұлыққа мəсих тартуға болады. Қалың, мықты болып, 1 сағат жол жүргенде жыртылмайтын, төмен түспейтiн қатты шұлыққа да мəсих тартуға болады. 

Мəсі дəретсіздіктің аяққа өтуіне кедергі болады. Аяқ жуылғаннан кейiн мəсiлердi киіп дəрет алуға болады. 

Мəсих мəсiнiң үстiңгi жағына тартылады. Мəсiнiң астына, яғни табанына мəсих етiлмейдi. 

Сүннетке сай мəсих тарту үшiн оң қолдың бес саусағын сулап оң мəсiге, сол қолдың саусақтарын сулап сол аяқтағы мəсiге, аяқтың ұшынан бастап тобыққа қарай жабыстырылып тартылады. Алақан мəсiге тигiзiлмейдi. Мəсіһтің үш саусақ енінде жəне бойында болуы парыз. 

Мəсихті қолдың сыртымен де тартуға рұқсат болғанымен, iшiмен мəсих тарту сүннет. Ылғал көгалдың үстiмен жүргенде мəсiнiң үстi ылғалданса мəсихтiң орнына жүредi. 

Мəсiнiң үстiне мəсіһ тарту уақыты, муқим (жергілікті) үшiн 24 сағат, сафари (жолаушы) үшiн 3 күн 3 түн, яғни 72 сағат. Бұл уақыт мəсiнi киген кезден емес, дəрет бұзылған кезден басталады. Мəсi ки-ген адам дəретi бұзылғаннан кейiн 24 сағат өтпестен бұрын сапарға шықса, бұл мəсiге 3 күн 3 түн мəсi тарта алады. Жолаушы болып жүрiп, сапары аяқтылып, муқим болса, мəсiнi шешiп аяғын жуып дəрет алады. 

Аяқтың үш бармағы сиятындай жыртығы немесе тесiгi болған мəсiге мəсих тартуға болмайды. Мəсiнiң бiрнеше жерiнде кiшкене тесiктер болса, бұлардың барлығын қосқанда үш бармақтың көлеміндей болса, бұған мəсих тартуға болмайды. Бiр мəсiде екi бармақ, басқа мəсiде де екi немесе бiр бармақ көрiнетiндей тесiк бол-са, бұған мəсих тартуға болады. Мəсих етуге болмайтын жыртық, үш бармақтың ұшы емес, үш бармақтың барлығы көрiнетiндей үлкен болуы керек.

2.   Жара жəне бинтке мəсих ету:

Жараның, сыздауықтың, терiдегі кесік жəне жарықтардың үстіне таңылған дəке, мақта, мата, лейкопластырь сияқтылардың шешiлiп жуылуы ауруды асқындыратын болса, олардың үстiне мəсих тарты-лады. 

Үзiрлi кiсi қалаған кезінде дəрет алып, қалағанынша парыз, нəпiл намаздарын жəне Құран Кəрiмдi оқуына болады. Ал намаз уақыты шыққанда дəретi бұзылады. Осылайша əр намаздың уақыты кiрген соң қайтадан дəрет алып, сол уақыт шыққанға дейiн ғибадатын орындай бередi. 

Үзiрлi болу үшiн, дəрет бұзатын нəрселердiң намаз уақыты бойынша тоқтамай жалғасып тұруы керек. Яғни, бiр намаз уақыты iшiнде дəрет алып, бiр ғана парызды оқитындай уақыт дəретiн ұстап тұра алмайтын кiсi үзірлі болады. Бұл кісінің осы үзiрi əр намаз уақтысында бiр де тоқтап, бiр де ақса да үзiрлi болып есептеледi.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы