Дүйсенбі, 16 Наурыз 2015   |   1494 рет оқылды

Ғұсыл

Намаздың дұрыс болуы үшiн дəреттiң де, ғұсылдың да дұрыс алынуы керек. Жүнiптiкке жыныстық қатынас жəне ихтилам себеп болады. Жүнiп болған əйел жəне еркек, хайз немесе нифастан босаған əйелдерге намаз уақытының соңында сол намазды оқитындай уақыт қалғанда ғұсыл алуы парыз болады.

Пайғамбарымыз хадис шəрифте былай деген: «Ғұсыл алу үшін орнынан тұрған адамға денесіндегі түк санынша (яғни өтекөп) сауап берiледi. Сонша күнəсi де кешiрiледi. Жəннаттағы дəрежесi көтеріледі. Ғұсылы үшiн оған берiлетiн сауап дүниедегi барлық нəрседен де артық болады. Аллаһу таала перiштелерге бұл құлыма қарандар! Түнде менiң əмiрiмдi ойлап, ерінбей жүнiптіктен ғұсыл алып жатыр. Куə болыңдар, бұл құлымның күнəларын кешiремiн дейдi». 

Басқа бiр хадисте: «Жүнiп болғанда жылдам ғұсыл алыңыздарӨйткенi Кирамен кəтибин перiштелерi жүнiп адамға ренжидi, өкпелейдi». Имам Ғазали айтады: «Қайтыс болған бiр адам түсiмдебылай дедi: “Өмірімде аз уақыт жүнiп халде жүрген едiм. Қазiр ендi үстiме оттан көйлек кигiздi. Əлi де оттамын”- дедi.» Бiр хадис шəрифте: «Жанды сурет,ит жəне жүнiп адам болған үйге рах-мет перiштелерi кiрмейдделінді. 

Намаз оқитын кез-келген адам намаз уақытын жүнiп хал-де өткiзсе, қатты азапталады. Сумен жуынуға мүмкiндiгi болмаса, тəйəммум алуы керек. Жүнiп болған адамдар төмендегi нəрселердi iстей алмайды: 1. Еш бір намаз жəне сүре оқи алмайды. 2. Құран Кəрiмдi ұстай алмайды. 3. Қағбаны тауап ете алмайды. 4. Мешiтке кiре алмайды.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы