Дүйсенбі, 16 Наурыз 2015   |   2873 рет оқылды

Ғұсыл қалай алынады?

Сүннетке сай ғұсыл былай алынады: 

  1. Таза болса да əуелi екi қолды, содан кейін əурет жерiн жəне дененiң басқа да нəжіс тиген жерлерiн жуады.
  2. Одан соң толық дəрет алады. Жүзiн жуып жатқанда ғұсылға ниет етеді. Аяқтың астына су жиналмаса, аяқты да жуады.
  3. Одан соң дененiң барлық жерiне үш рет су құяды. Алдымен басқа, содан соң оң иыққа, кейiн сол иыққа үш реттен су құйылады. Əр құйғанда сол мүшелерге толық су тию керек. Бірінші құйғанда ысқылау керек. 

Ғұсылда дененiң бiр мүшесiне құйылған су басқа мүшеге тисе, ол жер де таза болады. Өйткенi ғұсылда бүкіл дене бiр мүше болып есептеледi. Ал дəретте бiр мүшеге құйылған су басқа мүшеге тисе, толық жуылған болып есептелмейдi. Ғұсыл алғаннан кейін қайта дəрет алу мəкрух болады. Бiрақ, ғұсыл алу кезінде дəретi бұзылса, қайта дəрет алу керек. 

Ескерту: Пломба жəне қаптама тiсi болғандар үшін 

Ханафи мазһабында тiстiң арасына жəне тiс шұнқырларына су тимесе, ғұсыл дұрыс алынбаған болып есептеледі. Сондықтан тiсiнде коронкасы немесе пломбасы болғандардың ғұсылы өтпейді, яғни адам жүнiптiктен құтыла алмайды. Алтын, күмiс жəне нəжіс болмаған басқа заттардан жасалған қаптама жəне пломбалардың астына су кірмейінше, Ханафи ғалымдарының барлығының үкімі бойынша ғұсыл жаиз болмайды. 

Тахтавидiң «Мəрақил-фалаһ» кiтабының 96–шы бетiнде жəне де мұның аудармасы «Ниматул-Ислам» кiтабында былай деп жазылған: «Ханафи мазһабындағы адам өзiнiң мазһабы бойынша iстей алмаған бiр амалды iстеу үшiн Шафии мазһабын тақлид етеалады, яғни сол мазһабтың үкімдерінен пайдалана алады».«Бахрур-раиқ»жəне«Нахр-ул-фаиқ»кітаптарында да солай жазылған.Бiрақ, бұл амалды орындау кезінде сол мазһабтың шарттарын да орындауы керек. Осындай бір қиындық туындамай тұрып жəне шарттарын орындамай басқа мазһабқа елiктеуге рұқсат жоқ! 

Өз мазһабындағы бiр парызды орындай алмаған адамның, тек қана осы парызды орындауы үшiн ыңғайлы басқа мазһабты тақлид етуі қажет. Бiрақ, бұл амалды орындау барысында тақлид еткен, яғни үкімдерін пайдаланып отырған мазһабының шарттарын да міндетті түрде ұстану қажет. 

Тiсiн қаптатқан жəне пломбалаған ханафилердің ғұсылы дұрыс болмайды. Бұлардың пломбасын, не коронкасын алып тастауы машақат болғандықтан, ғұсылда ауыз ішін жууды парыз санамай-тын мазһабтар бойынша ғұсыл алуы керек болады. Ал хақ мазһабтар ішінде ауыз ішін жуу сүннет болғандары - Малики жəне Шафии мазһабтары. Демек, тісінде коронка, пломба болған ханафилер осы екі мазһабты тақлид ету үшiн ғұсылға, дəретке жəне намазға ниет етерде имам Маликке немесе имам Шафииге ұйыдым деп көңілінен өткізеді. Яғни ғұсыл алуды бастағанда, мысалыға Малики мазһабы бойынша ғұсыл алуға ниет еттім деген сөзді жүрегiнен өткізгенадамның ғұсылы сахих болады. Жүнiптiктен құтылады. 

Осылайша Малики немесе Шафии мазһабын тақлид еткендердің ғұсылы, дəреті жəне намазы да сахих болады. Бұлар коронкасы, пломбасы жоқ адамдарға да имам бола алады. 

Шафииді тақлид еткен кісі имамның артында тұрғанда фатиха сүресін оқуы; өзінің жəне басқалардың дəрет мүшесіне алақаны ти-генде; некелесуі харам болған 18 əйелден басқа əйелдердің денесіне қолы тигенде дəрет алуы, дəретке ниет етуі фарз. 

Құран Кəрімді қолға ұстайтын кезде де Шафии бойынша дəретті болу тиіс. Ханафилердің Шафииді тақлид етіп, бесін мен екінді жəне шам мен құптан намаздарын өз арасында жəм қылып (қосып) оқи алуы үшін тағы да Шафии бойынша дəрет алуы керек.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы