Дүйсенбі, 16 Наурыз 2015   |   1994 рет оқылды

Хайз жəне Нифас

Он бiр түрлi ғұсыл бар. Бесеуi парыз. Бұлардың екеуi əйелдiң хайз жəне нифастан арылғаннан кейiн ғұсыл алуы.

Ибн Абидин «Менһал-ул Варидин» атты кiтабында бы-лай дейдi: “Фиқһ ғалымдары əрбiр мұсылман еркек пен əйел үшiн ғылымхалды үйренудің парыз екендігін білдірді. Əрбiр мұсылман еркек үйленетiн кезде хайз жəне нифас мəселелерін үйренуi керек. Үйленген соң əйелiне де үйретуi керек”. 

Хайз деп-сегiз жасынан асып,тоғыз жасына аяқ басқан,денсаулығы дұрыс қыз баладан немесе əдет уақытысынан он бес күн өткен əйелден келетін, ең азы үш күнге созылатын қан. Қыз бала алғашқы хайз қанын көргенде балиғат жасына толып, əйел үкiмiн алады да, дiннiң əмiрі мен тыйымдарына жауапты болады. Қан кел-ген уақыттан тоқтаған уақытқа дейiнгi күндердi əдет уақыты деп атайды. Бұл уақыттың ең азы үш күн, ең көбi он күн. Əр əйел қан келу күнiн, санын жəне сағатын бiлуі керек. Сегiз жасқа толған қызға шешесi, шешесi болмаса əжесi, əпкесi, нағашы əпкесi хайз жəне ни-фас жағдайларын үйретуi парыз. 

Нифас дегенiмiз-əйел кісіден жас босанғаннан кейiн келетінқан. Қан тоқтауымен ғұсыл алуы қажет. Ең ұзақ уақыты қырық күн. Қырық күн бiтiсiмен қан тоқтамаса да ғұсыл алып, намаз оқуы ке-рек. Қырық күннен кейiн келетін қан истихаза (яғни үзiр) болады. Əйелдердiң нифас күндерiн де жатқа бiлуi керек. 

Истихаза (үзiр қаны) -үш күннен,яғни жетпiс екiсағаттан,жəне де енді басталғандарда он күннен көп жалғасатын бірнеше рет келгендерде əдет уақытынан көп болып, 10 күннен асатын жəне екiқабат əйелден, 55 жасынан өткен əйелдерден, тоғыз жастан төмен қыздардан келетін қан. Бұл қан аурудың белгiсi. Қанның ағуы көп уақытқа созылуы қауiптi, бұл кезде дəрiгерге бару керек. Истихаза күндерiнде əйел жиi-жиi мұрнынан қан аққан адам сияқты болып, бұл жағдайда намаз да оқиды, ораза да тұтады. 

Хайз жəне нифас жағдайында əйел кісі намаз оқымайды, ораза тұтпайды. Тилəует жəне шүкiр сəждесiн де жасай алмайды. Құран Кəрімді ұстай алмайды. Мешiтке кiре алмайды, Қағбаны тауап ете алмайды. Жыныстық қатынаста бола алмайды. Тазаланған соң бұл күндердің оразаларының қазасын тұтады, бірақ намаздарының қазасын оқымайды. Əйел кiсi хайзының басталуын өз ерiне бiлдiруi керек. Пайғамбарымыз алейһиссалам былай дейдi: «Хайзының басталуын жəне бiтуiн өз ерiнен жасырған əйел малғұн».Хайз жəненифас бiтiсiмен дереу ғұсыл алып шомылу парыз.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы