Дүйсенбі, 16 Наурыз 2015   |   1450 рет оқылды

Тəйəммумда мына нəрселерге көңiл бөлу керек

Тəйəммумда мына нəрселерге көңiл бөлу керек 

  1. Дəретсiз кісі шəкiртiне үйрету мақсатында тəйəммум алуды көрсетсе, ол дəрет алған болып есептелмейді жəне намаз оқи алмайды.
  2. Тəйəммуммен намаз оқу үшiн тек қана тəйəммумға ниет ету жеткiлiктi емес. Намаз үшiн де ниет ету керек.
  3. Бiр топырақтан бiрнеше адам тəйəммум ала алады. Өйткенi тəйəммум алынған топырақ мұстамал (қолданылған) болмайды. Тəйəммумнан кейiн қолдан, беттен төгiлген құм түйіршіктері мұстамал болып есептеледi.
  4. Шафии жəне Ханбали мазһабтарында тəйəммум тек қана топырақпен алынады. Басқа мазһабтарда құрамында топырақ бар таза нəрсемен тəйəммум алынады. Жанып күл болатын не-месе ыстыққа ерiп кететiн нəрселер топырақ жынысына жат-пайды. Олай болса ағаш, өсiмдiк, темiр, күрiш, сырланған дуал, мыс, алтын, айнамен тəйəммум етiлмейдi. Құммен алуға бола-ды. Əк жəне гипспен жуылған мəрмəр, цемент, сырланбаған кафель, сырланбаған шыны заттар жəне лаймен алуға болады. Тек лай табылып, суы жартысынан аз болғанда ғана тəйəммум алынады.
  5. Бiр тəйəммуммен түрлi намаздар оқуға болады.
  6. Сафари кісі 2 шақырымнан аз қашықтықта су табылуын белгілерінен немесе ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына жеткен əдiл мұсылманның хабар беруi арқылы болжамдаса, əр жаққа 200 метрге дейiнгі жерлердi қарастыруы немесе бiреудi жiберуі парыз болады. Болжамы басым болмаса, су iздеуі қажет емес.
  7. Бiр кiсi суды сұрастырмай тəйəммум алып, намаз оқыса, сосын қасындағы əдiл бiр кiсiден судың бар екенiн естiсе, қайта дəрет алып намазын басынан оқиды.
  8. 2 км. ұзақ жерде су болса, тəйəммум алып намаз оқуға болады.
  9. Заттарының арасында су барын ұмытқан кісі қалада немесе ау-ылда болмаса, тəйəммуммен намаз оқи алады.
  10. Су таусылды деп тəйəммуммен намаз оқыған кісі, намаздан кейiн суды көрсе, дəрет алып намазын басынан оқиды.
  11. Сафаридің (жолаушы) қасындағы адамдардан су сұрауы уəжiп. Су бермесе тəйəммуммен намаз оқиды. Серігі суды базар бағасында сатса, ақшасы жеткен жолаушы суды сатып алуы ке-рек. Ақшасы болмаса тəйəммум алады. Егер базар бағасынан асырып сататын болса, тəйəммум алуы жаиз болады.
  12. Жолаушының шөлді жерде тек ішуге ғана суы болса, тəйəммум алады.
  13. Су аз болған кезде бір топ сафаридің ішінде бір жүнiп, бір хайз халiндегi əйел, бір дəретсiз адам жəне бір өлiк болса, алдымен жүніптің жуынуы керек. Судың егесi басқалардан бұрын жуы-нады. Иелерi бөлек болған кiсiлер суларын бiр жерге жинаса, алдымен өлiкті жуады.
  14. Жүнiп адам тəйəммум алған соң дəретi бұзылса, қайта жүнiп болмайды. Ал су аз болса тек қана дəрет алады.
  15. Жүнiп кiсiнiң денесінің жартысынан көбі жара болса тəйəммум алады. Терiнiң көбi сау кісі жарасына су тигiзбей шомылуы мүмкін болса ғүсыл алады. Жара болған жерлерге су тигiзбей жуына алмаса тəйəммум алады.
Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы