Дүйсенбі, 16 Наурыз 2015   |   3188 рет оқылды

Тəйəммум қалай алынады?

Тəйəммум қалай алынады? 

  1. Алдымен жүнiптiктен немесе дəретсiздiктен тазалану үшiн ниет етiледi. Тəйəммуммен намаз оқу үшiн тек қана тəйəммумға ниет ету жеткiлiктi емес. Ғибадатқа, мысалы, жаназа намазы, тилəует сəждесiн жасауға немесе дəрет, ғұсыл үшiн тəйəммум алуға ниет ету керек. Тəйəммумға ниет етерде дəрет не ғұсылға бөлек ниет ету керек. Жүнiптiктен тазалану ниетiмен алынған тəйəммуммен намаз оқуға болмайды. Дəрет үшiн тағы бiр рет тəйəммум алу керек.
  2. Екi жеңін шынтағынан асыра қайырып, екi алақанын таза топыраққа, тасқа немесе əктелген дуалға сүрту керек. Сосын кемінде үш саусағы тиетіндей етіп, екi алақанымен бетiн бiр рет мəсих етеді. Қолы бетiнің инедей жеріне тимей қалса, тəйəммум болып есептелмейді.
  3. Бетiн толық мəсих ету үшiн, алақандарын ашып, төрт бармағын бірлестіріп, саусақтарының ұштарын бiр-бiрiне тигiзiп, маңдайдың үстінен жаққа қарай сипап түсiредi.
  4. Екi алақанын тағы да топыраққа сүртiп, бiр-бiрiне соғып, топырағын сiлкiп түсiрген соң, алдымен сол қолының төрт бармағының iшiмен оң қолының үстiңгi жағын саусақтардан бастап шынтаққа дейiн сипау керек. Сосын қолының астыңғы жағын шынтақтан саусақтарға қарай сипау керек. Сол қолын да дəл осылай iстеу керек. Сақинасын айналдыру керек. Қолда топырақтың шаңы қалу шарт емес. Дəрет жəне ғұсыл үшiн тəйəммум бiрдей алынады.
Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы