Дүйсенбі, 16 Наурыз 2015   |   1630 рет оқылды

Дəрет, ғұсыл жəне тəйəммумнiң пайдалары

Ғибадат мақсатымен орындалған əрбiр тазалық денсаулығымыз үшiн орасан зор пайда келтіреді. Тəндiк пайдамен бiрге рухани пай-дасы да бар. Солардың ішінен кейбіреулерін көрсете кетсек: 

  1. Күнделікті өмiрiмiзде қолымызбен қаншама микроптар-ды ұстаймыз. Дəрет алғанда қол, бет жəне аяқтарды жуу терi ауруларының алдын алып, осы микроптарға қарсы қорғаныс болады. Ал микроп, паразит жəне бактериялардың кейбiреулерi денеге терi арқылы да кiредi.
  2. Дəретте мұрынды жуу тыныс алу мүшесінде жиналған шаң жəне микроп жиынтықтарын кетіріп, организмге енуінің алдын ала-ды.
  3. Беттi салқын сумен жуу терiнi қуаттандырып бас ауруын жазып əрі шаршағанды басады. Тамырлар мен нервтердi əрекетке келтіріп, жұмысын реттейді. Əр дайым дəретті жүрген кісілердің қартайса да жүзіндегі жылылықтың жоғалмауы осы себептен.
  4. Жүнiпке себеп болатын жағдайларда көп энергия жұмсалып, жүректің соғуы мен қан айналу жəне тыныс алу жылдамдығы ар-тады. Организмнің зорығуы нəтижесінде шаршау, əлсіреу сезіліп, мий функциялары баяулайды. Ғұсыл организмді бастапқы қалпына келтіреді. Дененi белгiлi уақыттарда жуып тұру гигиеналық тұрғыдан өте маңызды.
  5. 5. Адам организмі био-электрлiк өріспен қапталған. Дененiң саулығы осы электрлік теңдікпен тікелей байланысты. Психологиялық депрессия, ауа-райы шарттары, киім-кешек, тұрмыс, жұмыс шарттарының əсері жəне ғұсыл қажет ететін жағдайларда осы теңдік бұзылады. 

Бұл электрлік жүк, адам ашуланғанда қалыпты жағдайдан төрт есе, ал жүніп болғанда он екі есе артып кетеді. Қазіргі таңда инфра қызыл сəулелерімен дене сыртының арнайы суретін түсіру арқылы жыныстық қатынастан кейін дене сыртының тым артық зиянды электр қабатымен қапталғаны анықталған. Осы қабат организмнің оттегі алу процесіне кедергі болатынындай тері реңінің бұзылып, тез əжім түсуіне де себеп болады. Бұл жағдайдан құтылу үшін дене-де ине ұшындай құрғақ жер қалдырмай жуыну керек. Осылайша су тамшылары организмде қалыптасқан зиянды электр қабатын алып, топыраққа өткізу арқылы денені бастапқы қалпына келтіреді. Бұл тұрғыдан ғұсыл, медицина жағынан міндетті түрде істелінуі керек.

      6.  Дəрет жəне ғұсылдың қан айналу системасына да айтарлықтай тигізетін əсері бар. Мысалы, тамырлардағы қатаю жəне тарылудың алдын алады. Ленф системасының ең маңызды орталықтарының бірі - мұрын іші жуылғанда оған əсер етіп, жұмысын жақсартады. Мойынның жуылуы да ленф системасына əсер етеді. Нəтижесінде дəрет жəне ғұсыл ленф айналымын жеңілдетіп, ленфосит деген күресуші клеткалар организмді зиянды нəрселерден қорғайды жəне де иммунитетті күшейтеді.

Су табылмаған жағдайда топырақпен алынған тəйəммум де денедегi статик электрін кетiредi.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы