Сәрсенбі, 18 Наурыз 2015   |   3999 рет оқылды

Азан жəне қамат қандай жағдайларда оқылады?

1- Қырда, далада, бақшада жалғыз немесе жамағатпен қаза оқып жатқанда, ер кiсiлердiң азанды жəне қаматты дауыстап оқулары сүннет. Азанды естiген адамдар, жындар, тастар ахырет күнi куəгер болады. Бірнеше қаза намазын бiр жерде оқитын адам алдымен азан жəне қамат айтады. Келесі қазаларын оқырда барлығына тек қамат түсiредi, бұларға бөлек азан айтпаса да болады. 

2- Үйiнде жалғыз немесе жамағатпен уақыт намазын оқитын кезде азан жəне қамат оқымайды. Өйткенi, мешiтте айтылған азан жəне қамат үйлерде де айтылған болып есептеледi. Сонда да айту абзал. Жергiлiктi мешiтте жəне жамағаты белгiлi болған əр мешiтте уақыт намазы жамағатпен оқылғаннан кейiн жалғыз оқыған кiсi азан жəне қамат айтпайды. Жол үстінде орналасқан, яғни имамы жəне азаншысы болмаған жəне жамағаты белгісіз мешiттерге əртүрлi уақыттарда келген əр жамағат өздеріне бөлек азан мен қамат ай-тып намаз оқиды. Мұндай мешiтте жалғыз оқитын кісі де азан мен қаматты өзi еститiндей дауыспен айтады. 

3- Сафарилер жамағатта да, жалғыз оқығанда да намазға азан айтып қамат түсiредi. Жалғыз оқитын адамның жанында намаз оқып жатқандар бар болса азан айтпауына болады. Жолаушы кiсi бір үйге кiрiп намаз оқыса азан мен қамат айтады, өйткенi мешiтте айтылған азан мен қамат оның намазы үшiн өтпейді. Жолаушылардың бірі бір үйде азан айтып намаз оқығаннан кейін қалғандарының сол үйде азан айтпай-ақ намаз оқуларына болады. 

Ақыл-есі дүрыс баланың, соқырдың, зинадан туылғанның, азан айтуды білетін сауатсыздың азан айтулары жаиз болады. Жүнiп кiсiнiң азан-қамат айтуы, əйел кiсiнiң, мас адамның, ашық күнə істейтіндердің, ақылы толмаған баланың азан айтуы жəне азан-ды отырып айту тахримəн мəкрух болады. Бұлардың азаны қайта оқылады. Азанның дұрыс болуы үшiн азаншы мұсылман əрi ақылды болу керек. Микрофонмен азан айту дұрыс емес. 

Пасықтың (ашық күнə істейтіннің) азанының сахих болмауына себеп, ғибадаттарда мұның сөзі қабыл етілмегендіктен. Пасық айтқан жəне микрофон арқылы айтылған азанға қарап уақыттың кіргеніне сенуге болмайды. Бұл екеуінің азанымен немесе ишаратымен ораза ашуға болмайды.

Азанға құрмет көрсетіп сөздерін, əріптерін өзгертпей, бұзбастан, əндетпей мұнараға шығып, сүннетке сай оқитындар жоғары дəрежелерге ие болады. 

Азан сүннетке сəйкес оқылмаса, мəселен кейбiр сөздерi ауысты-рылып немесе басқа тілге аударылып айтылса жəне кейбiр жерлері əуенге салынып оқылса немесе микрофон арқылы айтылып жатса (өйткені колонкадан шыққан дауыс имам не азаншының дауысы емес. Олардың дауысы электромагниттік толқындарға айналып, содан пай-да болған дауыс.), мұны естiген адам оның артынан қайталамайды.

 

Ескерту: Азанды микрофонмен айтуға бола ма? 

Мұнараларға орналастырылған колонкалар муаззин (азаншы) үшін жалқауланып, азанды мешіттің ішінде, қараңғы бөлмелерде оты-рып, сүннетке қайшы оқуларына себеп болып жатыр. Ғасырлар бойы көктерге бой созып тұрған имандылығымыздың белгісі – мұнаралар бидғат кесірінен колонка тірегіне айналды. Ислам ғалымдары пəннің жетістіктерін үнемі жақсы қарсы алған. Мəселен баспаның құрылуын қолдап, пайдалы кітаптардың басылып, ғылымның жай-ылуын қалаған. Радио, микрофон арқылы əр түрлі пайдалы про-граммалар тарату Ислам жақтаған адамзаттың пайдасына болған жетістік екені күмəнсіз. Алайда мұсылмандарды азанның əсем да-уысынан мақрұм етіп, ғибадаттарға микрофонның миды тырнайтын дауысымен зиян келтіруде. Микрофонды мешіттерге орнату ысырап. Иманды жүректерге илаһи əсерлер беретін салих мұсылмандардың дауысының орнына шіркеу қоңырауы сияқты қырылдайтын бұл аспап жоқ кезде, мұнараларда оқылған азандар жəне мешіттерден таралған тəкбір дауыстары өзге дін өкілдерінің көңілдерін де толқытатын еді. Əр көшеде оқылған азандарды естіп мешіттерді толтырған жамағат, сахабалар заманындағыдай намаздарын хушумен, жан рахаттығымен оқитын еді. Азанның мүминдерді толқытатын илаһи əсерін микрофонның металды дауысы табиғилығынан айыруда. 

Пайғамбарымыз хадисiнде: «Кiмде-кiм азанды естiгенде, əрбір калимасын iштей қайталап тұрса, əрбiр əрпі үшін оған мың сауап берiледi, əрi мың күнəсi кешіріледі.»-деп бұйырған.Азанды естiгенкiсi, Құран оқып отырған болса да, естiгенiн жай дауыспен қайталап отыруы сүннет. «Хайə аля...» ларды естiгенде мұны қайталамастан: «Ла хаулə уə ла қууата илла биллаһ»- дейді. Азаннан соң салауат ай-тылып азан дұғасы оқылады. Екiншi рет «Ашһаду анна Мұхаммəдан Расулуллаһ» дегенде бас бармақтың тырнақтарын сүйiп, көзге сүрту мустаһаб. Қаматта олай жасалынбайды.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы