Сәрсенбі, 18 Наурыз 2015   |   1352 рет оқылды

Азан сөздерiнiң мағыналары

Аллаһу əкбар:Аллаһу та’ала-Ұлы.Ол еш нəрсеге мұқтажемес. Құлдарының ғибадатына да мұқтаж емес. Ғибадаттардың оған ешқандай пайдасы жоқ. Осы теңдессiз мағыналар саналарға жақсылап орнығып, жете түсiнуi үшiн Аллаһу əкбар сөзiн төрт рет қайтару бұйырылды. 

Əшһаду əлла илаһə иллаллаһ:Ұлылығымен,үстемдiгiменешкiмнiң ғибадатына мұқтаж болмаған халде, ғибадат етілуге одан басқа ешкімнің құқы жоқтығына күəлік етемін, əрі сенемін. Еш нəрсе оған ұқсамайды.

Əшһаду əннə Мұхаммадар Расулуллаһ:Мұхаммедалейһиссаламның Аллаһу та’ала тарапынан жiберiлген пайғамбар екендiгiне, Аллаһ бұйырған ғибадаттарды үйрететiн ұлы тұлға екендiгiне жəне Аллаһу та’алаға тек ол алейһиссалам бiлдiрген, көрсеткен ғибадаттар ғана ұнайтынына куəлік етемін əрі шын жүректен сенемiн. 

Хайə алəс-салəһ,  Хайə алəл фəлах:  Мүминдерді рахатқа, табысқа, құтылуға, бақытқа шақыратын екi сөз. 

Аллаһу əкбар:Оған лайықты ғибадатты ешкім орындай алмай-ды. Қандай да бір адамның ғибадатының Оған лайықты, жарасымды болуынан əлде қайда ұлы жəне ұзақ. 

Ла илаһə иллəллаһ:Ғибадат етілуге,құзырында тағзым етілугеақысы болған зат тек Аллаһ. Бірақ Оған лайық ғибадатты ешкім орындай алмайды. 

Намаздың қаншама ұлы болғанын, оған шақыратын осы азан калималарының ұлылығынан да түсінуге болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы