Сәрсенбі, 18 Наурыз 2015   |   1333 рет оқылды

Жалғыз оқитын əйелдiң намазы

Мысалы таң намазының сүннетi былай оқылады: 

Дене мүшелері бастан - аяқ жабылады. Тек қана алақандары мен жүзi ашық болады. Намазда оқитын сүре жəне дұғаларды жоғарыда айтылып өткен жалғыз еркектiң оқығаны сияқты оқиды. Айырмашылықтары төмендегiдей: 

а) Қолдарын еркектер сияқты құлаққа апармайды, иығына дейiн көтерiп ниет етiп, тəкбiр алып қолдарын көкiрек үстiне бір-бірінің үстіне қояды. 

б) Рукуде еркектердей түзу иілмейді. в) Сəждеде шынтақтары жерге тиеді.

г) Ташаһудта отырғанда сол жағымен отырады. Яғни аяқтар оң жаққа шығарылып сол санының үстіне отырады. 

Əйелдер үшін намазда ең ыңғайлы хижаб - қолдарын да жаба-тындай үлкендеу орамал мен аяқтарын жабатын ұзындау юбка кию.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы