Сәрсенбі, 18 Наурыз 2015   |   1121 рет оқылды

Тилəует сəждесi

Құран Кəрiмде он төрт жерде сəжде аяты бар. Бұлардың бiреуiн оқыған немесе естiген кiсiнің мағынасын түсiнбесе де бiр сəжде жа-сауы уəжiп. Сəжде аяттарын жазған, буынға бөлiп оқыған кісі сəжде жасамайды. 

Таулардан, шөлдерден жəне басқа жерлерден қайтқан жаңғырықты естiгендердiң сəжде етуi уəжiп емес. Адамның дауысы болуы қажет. Радиодан, микрофоннан естiлген дауыстың адам дауы-сы еместiгi, оқығанның дауысына ұқсас жансыз құралдың дауысы екендiгi жоғарыда айтылды. Сол үшiн радиодан жəне магнитофон-нан оқылған аяттарды естiген кiсiге тилəует сəждесiн жасау уəжiп болмайды. 

Тилəует сəждесiн жасау үшiн дəреттi болып, қыблаға қарап тұрып, қолдарын көтерместен «Аллаһу əкбар» деп сəждеге барады.

Үш мəрте «Субханə раббиал аъла» делiнедi. Содан соң «Аллаһу əкбар»деп сəждеден тұрумен тiлəует сəждесiаяқталады.Ең алды-мен ниет етiлуi керек. Ниет болмаса қабыл болмайды. 

Сəжде аяты намаз ішінде оқылғанда, дереу бөлек рүку мен сəжде жасап қайта тұрады. Намазын жалғастырады. Сəжде аятын оқып, екi-үш аяттан соң намаздың рүкуын жасаса жəне тилəует сəждесiне ниет етсе, намаздың рүку жəне сəжделерi, тилəует сəждесiнiң ор-нына жүредi. Жамағатпен оқыған адам, имам сəжде аятын оқыған кезде, имамның оқығанын естiмесе де, имаммен бiрге бөлек бiр рүку жəне екi сəжде жасайды. Жамағаттың рүкуде ниет етуi керек. Намаз сыртына кешiктiруге болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы