Сәрсенбі, 18 Наурыз 2015   |   1487 рет оқылды

Намаздың сүннеттерi

  1. Ифтитах тəкбiрiнде қолды құлаққа дейiн көтеру.
  2. Қолдың iшiн қыблаға бағыттау.
  3. Тəкбiрден кейiн қол байлау.
  4. Оң қолды сол қолдың үстiне қою.
  5. Ер кiсiнiң қолдарын кiндiктен төмен ұстауы, ал əйелдердiң қолдарын көкiрекке қоюы.
  6. Ифтитах тəкбiрiнен кейiн «Субханəкə» оқу.
  7. Имамның жəне жеке оқыған адамның «Аузу» оқуы.
  8. Бисмиллаһ айту.
  9. Рукуде үш мəрте «Субханə раббиал азым» деп айту.
  10. Сəждеде үш рет «Субханə раббиал аъла» деп айту.
  11. Соңғы отырыста Салауат дұғаларын оқу.
  12. Сəлем бергенде екi жаққа қарау.
  13. Имамның жұма жəне айт намаздарынан басқа, əр намазда бiрiншi рəкатта, екiншi рəкатта оқитынынан екi есе ұзын оқуы.
  14. 14. Рукуден тұрарда имамның жəне жеке оқыған адамның «СəмиАллаһу лимəн хамидəһ»деп айтуы.
  15. Рукуден тұрғаннан кейiн «Раббəнə лəкəл хамд» деп айту.
  16. Сəждеде аяқ саусақтарын бүгiп қыблаға бағыттау.
  17. Руку жəне сəжделерде иiлiп жатқанда жəне тұрып жатқанда «Аллаһуəкбар» деп айту.
  18. Қолдарын жəне тiзелерiн жерге тигiзу.
  19. Қиямда тобықтардың арасы төрт елі болу. Рукуде, қавмəде жəне сəждеде тигізіп ұстау.
  20. 20. Фатихадан кейiн өзі еститіндей амин деп айту, рүкуден бұрын тəкбiр алу, рүкуде саусақтарды ашық ұстап тiзенiң үстiне қою, сəжде үшiн тəкбiр алу, отырғанда сол аяғын жерге жатқызып, оң аяғын тiк қойып отыру, екi сəжде арасында отыру. 

Ақшам намазында қысқа сүрелер оқылады. Таң намазында алғашқы рəкат екiншiге қарағанда бiраз ұзағырақ оқылады. Имамға ұйыған адам фатиха жəне зəм сүре оқымайды субханəкə оқиды. Тəкбiрлердi айтады, əттахияту, салауат шəрифтердi оқиды.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы