Сәрсенбі, 18 Наурыз 2015   |   1556 рет оқылды

Жамағатпен намаз оқу

Жамағат намазы ең азы екi кiсiнің бiрi имам болып бірге оқуы арқылы орындалады. Бес уақыт намаздардың парыздарын жамағатпен оқу еркектер үшiн сүннет. Жұма намазын жамағатпен оқу парыз. 

Пайғамбарымыз хадистерiнде жамағатпен намаз оқудың сауабының көп екендiгi тұралы былай дедi: «Жамағатпен оқылған намазға, жалғыз оқыған намаздан жиырма жетi есе артық сауап берiледi». 

Тағы бiр хадисте:  «Жақсылап дəрет алып,  мешiттердiң бiрiне жамағатпен намаз оқу үшiн барған адамның Аллаһу таала əрбiр қадамына сауап жазады жəне əрбiр қадамы үшiн амал дəптерiнен бiр күнəсiн өшiредi. Жəне де жəннатта оның дəрежесiн көтереді». 

Жамағатпен намаз оқу мұсылмандар арасында бiрлiктi жəне қарым-қатынасты қалыптастырады. Адамдардың бiр-бiрiне деген сүйiспеншiлiгiн нығайтады. 

Жамағат бiр жерге жиналып сұхбаттасады. Əр түрлi дерт, қиыншылық, мұқтаждықтар осының арқасында ортаға шығады. Жамағат мұсылмандардың бiр жан, бір тəн екендiгiнiң ең үлкен үлгiсi. 

Ауру, мүгедек, жүре алмайтын адамдардың жамағатқа баруы шарт емес. 

Жамағатпен намаз оқуда оларға бас болып намаз оқытқан адам-ды - Имам деп атайды.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы